Түсініктеме жұмысы жүргізіліп жатыр

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери соты сот процесіне катысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жургізіліп жатқандығы туралы әскери қызметшілері мен азаматтарды ақпараттандыру жұмыстарын күнделікті жүргізуде.

Әскери соттың мамандары «Сот кабинетінде» тіркелу жолын және онлайн-сауалнамаға қатысу мүмкіндігін әскери қызметшілері мен азаматтарға түсіндіріп, ақпараттандыру парақшаларын қатысушыларға үлестіруде. Аталмыш парақшалар Қостанай гарнизонының әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілердің арасында таратылған. Сол жерде және әскери соты ғимаратының ішінде көзжетімде жерде «Жадынамалар» орналастырған.

Шара барысында сауалнама жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ, «100 нақты кадам» Ұлт Жоспарын iскe асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жургізіліп отырғандығы түciндірілді.

Сауалнама арқылы соттар жұмысына акпараттық технологияларды енгізу, сот сатыларының санын қысқарту, кәсібилік, судьялардың әдебі мен мінез-құлық мәдениеті, сот процестерін аудио, бейнетіркеу жүйесінің жұмысы, соттар жумысыньң ашықтық деңгейі мен сапасы туралы әскери қызметшілері мен азаматтардың пікірін 6iлy жоспарланып отыр. Бұған коса, әскери сот жұмысын жақсарту жөніндегі  усыныстар да ескеріледі.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі