Мемлекеттік қызметшілер күніне орай

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Ж.Жүнісбеков мемлекеттік қызметшілердің алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын «ең алдымен халық пен мемлекетке адал қызмет ету»,  деп атап көрсетіп әскери  соттың ұжымын мерекелерімен құттықтады. Әскери соттың кеңсесінің барлық қызметкерлері  мемлекеттік қызметшілер болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтай отырып өз міндеттерін адал мінсіз орындайды. Сонымен қатар әскери сот қызметкерлерінің мемлекеттік қызметте жақсы нәтижелерге қол жеткізу, мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлауы,  олардың біліктілігін арттыруы үшін  жаңа технологияларды үйрену, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысу болып табылады.

Сондай –ақ іс шара кезінде Семей  гарнизоны әскери сотының төрағасы Қазақстан Республикасының Әскери сотының Әкімшісінің атынан бас маман-сот мәжілісінің хатшысы С.В.Мягкова-Казанцеваға мемлекеттік қызметін адал атқарғаны, жұмысындағы жетістіктері үшін, алғыс хат табыс етіп, оның  үздік  қызметкерлердің бірі екенін,  осы лауазымда 20 жылдан астам  жұмыс тәжірбиесі бар екенін  және басқа  жас мамандар үшін үлгі болып табылатындығын  атап өтті.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі