Ұлттық мұрағат қоры және ведомстволық мұрағаттар туралы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «ҚР Жоғарғы Соты аппаратының және соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағида, ведомстволық мұрағат туралы ереже және сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттар тізбесі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар барысында мұрағатқа жауапты маман аталған Қағида істердің номенклатурасын әзірлеу және жасау тәртібін, құжаттар құндылығының сараптамасын жүргізуді және оның нәтижелерін ресімдеуді, құжаттарды істерге (нарядтарға) қалыптастыруды, мұрағатқа уақытша сақтауға тапсыру мен қабылдауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын белгіленген мерзімдерде тиісті мемлекеттік мұрағат мекемесіне тұрақты сақтауға тапсыруды регламенттейтінін айтып, ведомстволық мұрағаттың мақсаты мен міндеттерін айтып өтті.

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйым қызметінде пайда болған тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар және белгіленген тәртіппен Ұлттық мұрағат қоры құрамына енгізілген құжаттар, халықтың тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатынын және оларды Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайтыны айтылды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі