Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 22 маусымда ҚК-нің 445 бабының 1 бөлігімен (шекаралық нарядтың құрамына кіретін адамның ҚР Мемлекеттік шекараның қорғау ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе зиян келтіруі мүмкін болса) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталған 2032 санды әскери бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгер М.А. Арбашиновқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Қызметтік міндеттері бойынша сотталушы өткізу пункті арқылы өтетін тұлғалардың құжаттарын тексеруге және  оларды шын құжаттар бойынша Мемлекеттік шекарадан өткізуге жауапты еді.

Арбашинов 2015 жылғы 6 желтоқсанда «Мамлютка» шекара бақылау бөлімнің шекара бақылау құрамындағы тұлға ретінде, ҚР-сы Мемлекеттік шекарасы бойынша Ресей Федерациясы аумағына бөтен құжатты пайдаланған азамат Е.В. Чердынцевты кедергісіз өткізіп жіберді.

Әскери соттың үкімімен сотталушы айыпталған қылмысты жасаған үшін кінәлі деп танылды. Сот ҚК-нің 445 бабының ескертуіне сәйкес, онша ауыр емес қылмысты  алғаш рет жасағанын, шын жүректен өкінгенін, қызмет бойынша оң мінездемелейтіндігін, бұрын сотталмағандығын, асырауында жас балалардың барысын назарға алып оны қылмыстық жауаптылықтан босатты

Оған қолданаған кепіл ретіндегі бұлтартпа шарасының күші жойылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі