«Заңды факті деп тану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизонының әскери сотында «Заңды факті деп тану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұған Қазақстан Республикасының Әскери сотының судьясы, Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Н.Ж.Жайлаубай және судьялары Б.А.Исабекова, Д.О.Алиаскаров, К.З.Естай, Алматы гарнизонының әскери прокуроры Т.Б.Саткен және Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Жиын барысында, заңды факті деп тану, жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікке иелік ету, пайдалану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесінің сұрақтары талқыланды.

Аталған тақырып бойынша, жиынға қатысыушылар өз пікірлерімен алмасты.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі