Өкілетті тұлға жазасын шартты түрде өтейтін болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабы 3-бөлігімен айыпталған Н.Р.Атауовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыс келесі жағдайда жасалған:

2016 жылдың сәуір айының 7 жұлдызында сағат мөлшері 15.00 шамасында РТРК «Жамбыл облысының филиалы  Қазақстан» АҚ операторы азамат А.Н.Ибраев Жамбыл облысының Қордай ауданының, Гвардейский қалашығына Гвардиялық гарнизонының әскери-оқу іс-шараларын түсіру үшін келген. 21450 әскери бөлімінің басшысы Н.Р.Атауовқа азамат Н.А.Ибраевты Мәдени орталықтың гримерлік бөлмесіне орналастыруды бұйырған. Сағат 19.00 шамасында Н.А Ибраев Н.Р.Атауовқа өзімен бірге алып келген  спирттік ішімдік ішуді ұсынған.  Бір шөлмек арақты ішкен соң, Н.Р.Атауов әскери қалашықтағы таныс қызына кетеді. Мөлшері сағат 01.30 шамасында Н.Р.Атауов қайтып келеді. Ол тағы бір шөлмек арақ алып келіп, Н.А.Ибраев екеуі таңғы сағат 04.30 дейін ішеді. Содан соң, Н.А.Ибраев сыртқа шығып кетеді. Қатып келгенде, ол Н.Р.Атауовтың жоқ екендігін байқайды. Сонымен қоса, телеканал бейнекамерасы және басқа да құрылғылар салынған  сөмкенің жоқтығын көреді. Н.Р.Атауов жоғарыда көрсетілген сөмкені терезеден жерге тастап, өзі терезеден төмен түсіп, ұрланған заттарды тығып қояды. Сәуір айының 12 жұлдызында таңғы сағат 06.00 – да Н.Р.атауов заттарды басқа жерге тығып қояды. Сол күні сағат 08.00 шамасында әскери қызметкерлер қоқыс жәшігінен сөмкені тауып алады.

Айыпталушы Н.Р.Атауов өзінің кінәсін толық мойындап, процессуалдық келісім жасауға келіскен. Н.Р.Атауов аталған бап бойынша 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 63 – бабына сәйкес, жазасын шартты түрде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі