«Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Г.К.Мынбатыров, судьялар Туленова Ж.С., Г.Т.Усманова,  және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағында сот төрағасы Г.К.Мынбатыров баяндама жасады. Өз баяндамасында сот төрағасы «сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот алдында барлығы тең деген конституциялық қағиданы ұстану негізінде сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік шарасы қолданылады»,- деді. Сол себепті, сотқа  құрмет көрсетпеген әрбір кінәлі адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің негізінде, кейбір Азаматтық процессуалдық заңнамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын атап өтті.

Семинар соңында, қатысушылар құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі мен бұл бағыттағы құқық қолдану тәжірибесі жөнінде кеңінен талқылап, пікір алмасты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі