«Заңды факті деп тану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизонының әскери сотында «Заңды факті деп тану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында семинар сабағы өтті. Оған Қазақстан Республикасының Әскери сотының судьясы Ч.И.Майшибаев, Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Н.Ж.Жайлаубай және судьялары Б.А.Исабекова, Д.О.Алиаскаров, К.З.Естай қатысты.

Семинар барысында, заңды факті деп тану туралы азаматтық істерді қарау, жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікке иелік ету, пайдалану туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесінің сұрақтары талқыланды. Судьяларға құқығын растайтын құжаттардың жоқтығын және оның бар болуын тиянақты тексеру, сонымен қатар, бұрын соңды басқа тұлғаның атына тіркелген заңға сәйкес рәсімделмеген мәмілелер,құрылыс иелігін заңды факті деп тану туралы арыздар ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралмайтындығын ескеру қажеттігі ұсынылды.

Аталған тақырып бойынша, жиынға қатысыушылар өз пікірлерімен алмасты.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі