«Ашық есік күні» өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 21 маусымда 10 сағаттан 12 сағатқа дейін Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Соттардың әкімшілік ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында соттар әкімшісінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Т.С. Саламатов, сот және әскери қызметшілердің қатысуларымен «Ашық есік» күнін өткізді.

Саламатов мекеме қызметкерлерінің тосын жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттерін пысықтады. Сондай-ақ, сот қызметкерлерінің құқыққорғау, арнайы және де басқа мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынастары ерекшеліктеріне тоқталды.

Сот аумағында оқыс оқиғалар болған жағдайда белгіленген тәртібін бұзу фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында «Сот жүйесі қызметкерлерінің тосын жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттері туралы» Жадынамасын әзірленгенін айтып өтті.

Әңгіме соңында қатысушылар соттың арнайы құралдармен тиісінше жабдықталуы жөнінде пікірлер алысты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі