Архив событий

28/07/2016

Ашық есік күні

28/07/2016

2016 жылдың 28 шілдесінде Алматы гарнизоны Әскери сотында «Ашық есік күні» іс – шарасы өткізілді. Оған барлық ниет білдірушілер қатысты.

Қызметтік тұрғын үйді пайдалану құқығын жоғалтқан тұлға деп тану туралы

28/07/2016

Алматы гарнизоны әскери сотымен «ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы» ММ-нің азаматша В. қатысты қызметтік тұрғын үйді пайдалану құқығын жоғалтқан тұлға деп тану және «ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы» ММ-мен азаматша В. арасында жасалған жалдау келісім шартын бұзу мен  843 теңге 80 тиын көлемде коммуналдық қызмет ақысын өндіру туралы және қызметтік тұрғын үйден шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Негізгі Заңымыз - Конституцияға 21 жыл!

28/07/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Негізгі заңымыз - Конституцияға 21 жыл»  тақырыбыдна семинар өткізілді.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Ж.Тажмұхан семинар сабағында барлық қатысушыларға Конституция барлық заң салаларының негізі болып табылатынын, ал, оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептелетінін. Оның қағидаларына қайшы келетін заңдар мен өзге актілердің заңдық күші болмайтыны туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Қызметтік тұрғын үйден шығару

28/07/2016

Ақтөбе гарнизонының әскери сотымен талап қоюшы ҚР ҰҚК Шекара қызметі және 2029 әскери бөлімінің жауапкер М.Станчинге қарсы берген  басқа тұрғын үй-жай берiлместен оның барлық жанұя мүшелерімен бірге осы қызметтік пәтерден шығару туралы талап-арызы негізінде азаматтық  іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғаны, 31 тамыз 2015 жылғы Бұйрығымен жауапкер теріс себеппен яғни қызметте үш сағаттан көп уақыт бойы жоқ болуына байланысты қызметтен босатылаған. 07 тамыз 2013  жылғы бұйрығымен бөлімнің жеке құрамынан шығарылған.

Радиода сұхбат

28/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының мамандары А.Мрасылова мен Д.Талқанбаева «Қазақ радиосы» тікелей эфирінде «Сот және атқарушылық іс жүргізу органдарының ақпараттық жүйелерінің интреграциялануы» және «Сот кабинеті» тақырыптары бойынша сұхбаттар берді.

Қызметтік пәтерден шығару туралы талап-арыз мерзімі өтуіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды.

28/07/2016

Талапкер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жауапкерлер «Б.,С.» қызметтік пәтерден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Соттың анықтағаны, 10 желтоқсан 2004 жылы 03858 әскери бөлімінің тұрғын үй комиссия шешімімен жауапкер әскери қызметкер «Б»-ға әскери қызмет атқару мерзімі аяқталғанға дейін қызметтік пәтер берілген. 11 мамыр 2010 жылы жауапкер «Б»  әскери қызметтен шығарылған.

Әскери қызметшілермен кездесу өткізілді

28/07/2016

Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы С.Абдуллаевтың бекіткен  2016 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов ҚР ҚМ- не қарасты 25744 әскери бөлімінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы ҚМ-нің 25744, 51809 әскери бөлім басшылары және әскери қызметшілерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Телеарнада сұхбат..

28/07/2016

Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Д.Алиаскаров Қапшағай қаласының «Sоny Compani» жергілікті телеарнасында «Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру» тақырыбында сұқбат берді.

Өзінің сұқбатында, әскери қызметшілердің барлық санаттары әскери қызмет міндеттерін орындағаны үшін ҚР Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын ҚР органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленген ақшалай үлеспен қамтамасыз етеді.

Талап ету мерзімінің өтуіне байланысты, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

28/07/2016

Ақтөбе гарнизонының әскери сотымен талапкер С.Сундетованың «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-не берген сотқа арыз беру мерзімін бекітіп, 2029 санды әскери бөлім командирінің31.12.2015  жылғы бұйрығының күшін жойып, бұрынғы қызметке қайта орналастыру туралы талап-арызы негізінде  азаматтық  іс қаралды.

"Ашық есік күні" Семей гарнизоны әскери сотында

28/07/2016

Семей гарнизоны әскери сотында  сот жұмысы мен оны ұйымдастыру туралы қызығушылық  мәселелері бойынша азаматтар үшін «Ашық есік күні» атты кезекті іс-шара өткізілді.

Бұл шарада тілек білдіруші азаматтар қатысып, қызығушылық мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. 

«Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел

28/07/2016

26 шілде 2016 жылы Талдықорған гарнизонының әскери сотының кеңсе меңгерушісі м.а. Г.Есимбековамен Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдерінің заңгерлерімен «Сот кабинеті» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Сот ғимаратында өткен практикалық дөңгелек үстел барысында қатысушыларға «Сот кабинеті» электронды сервисіне тіркелу/кіру, сотқа өтініштер мен қолдау хаттарды, апелляциялық және кассациялық шағымдарды жолдау  практикалық түрде компьютелік техника арқылы көрсетілді.

Сот ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектілік режимдерді қамтамасыз ету

28/07/2016

ҚР Әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі» ҚР ІІМ-нің және соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысының бірлескен бұйрығы     талқыланды.

Сот залынан

28/07/2016

Ақмола гарнизоны әскери сотында ҚК 190-бабы 3-бөлімі 2-тармақшасы, 28-бап 4-бөлімі 367 баптың 47-бөлімімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Әскери қызметкерлерге «Сот кабинеті» сервисі мен сот жүйесіндегі басқа да жаңа технологияларды қолдану туралы семинар сабағы өткізілді

28/07/2016

«Сот кабинеті» сервисінің және басқа жаңа технологияларды қолдануды түсіндіру мақсатында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қарулы Күштерінің 21140-Б әскери бөлімінің әскери қызметкерлеріне семинар сабағы өткізілді.

«Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу»

28/07/2016

25 шілде 2016 жылы Семей гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерінің  арасында «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Семей гарнизоны әскери сотында «ҚР-ның «Медиация туралы» Заңының тиімділігі» тақырыбында семинар өткізілді

28/07/2016

Семей гарнизоны әскери сотында сот мамандардың қатысуымен «ҚР-ның «Медиация туралы» Заңының тиімділігі» тақырыбында  семинар өткізілді.

Судья А.А.Байсалканова өз сөзінде татуластыру рәсімдерінің  сотқа дейінгі және сот ісін жүргізудегі  маңыздылығын  және оны жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылдың осы  уақытымен салыстыра отырып,  2016 жылдың 6 айындағы медиацияны қолдану арқылы қарастырылған істер бойынша статистикалық мәліметтер келтіріп,алға ілгерілеудің аңғарылғанын айтты.

Сот залынан..

28/07/2016

Алматы гарнизоны әскери сотымен азамат К. –ның мемлекеттік мекеменің әрекетіне шағымдану және жекешелендіру құқығының орнына қаржылай өтемақы өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

«Ностальжи» радиосыңда сұхбат

28/07/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотының жетекші маманы Н.Жунисова Ностальжи радиосында «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» туралы сұқбат берді.

Өз сөзінде Н.Жунисова  Қазақтан Республикасының мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылатынын атап өтті. «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумақтарында қоғамдық қатынастарда қолданылатын барлық салалардағы мемлекеттік басқару, заңнамалар, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі» - деп атап өтті.