Архив событий

13/07/2016

Семинар өткізілді

13/07/2016

Кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің Конституциясын білуі қажет. Себебі, заңдарды білу және оларды қолдану – қазіргі өркениетті өмірдің нормасы, заманауи қоғамның талабы болып табылады.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Конституциясын талқылау бойынша семинар өткізілді.

Дыбыс – бейне құрылғыларын пайдалану

13/07/2016

2016 жылдың шілде айының 13 жұлдызында Алматы гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі С.Ермаханова Алматы облысы Қапшағай қаласында «Sоny Compani» жергілікті телеарнасында «Сот мәжілісінде дыбыс – бейне құрылғыларын пайдалану азаматтар мен мен хатшыларға тиімді» атты тақырыпта сұхбат берді.

Call -орталығына түскен шағымдарды тіркеу бойынша нұсқаулық

13/07/2016

Семей гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының СаІІ-орталығына түскен шағымдарды тіркеу нұсқаулығына сәйкес  семинар  өткізді. Семинардың негізгі мақсаты әскерилер мен азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстар мен шағымдардың жалпы  тақырыптары, кіретін қоңыраулар мен қосымша салынған аудиофайлдармен бірге тіркелетіндігі жөнінде айтылды.

22750 әскери бөлімде өткізілген ашық әңгіме.

13/07/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы Е.Б. Жұмабеков ҚР-сы Қорғаныс министрлігінің Республикалық мемлекеттік мекеме 22750 әскери бөлім әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.

Судья әскери сотта қаралған сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық істерге шолу жасап, сотталғандарға  тиісті мөлшерде айыппұлдар салынып және де қылмыстық жолмен келген мүліктері тәркіленіп, мемлекеттік органдарда, Қарулы Күштерде өмірбақи мемлекеттік қызметті атқаруға тиым салынып, әскери  атақтарынан айрылғандарын айтып, мысал келтірді.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз!

13/07/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 15 шілдесінде, сағат 11:00-ден 13:00 аралығында Шымкент гарнизоны әскери сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Пресс-конференция өткізілетіні туралы хабарландыру

13/07/2016

Семей гарнизоны әскери сотында 2016 жылдың 14 шілдесінде сағат 15:00-де 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ)  пресс-конференция өткізілетіні туралы хабарланады.

Барлық сұрақтарға сот төрағасы А.Ж.Жүнісбеков  жауап береді.

 

«Сот кабинеті» сервисін қолдануды үйрету бойынша практикалық семинар сабағы өтті

13/07/2016

«Сот кабинеті» сервисін қолдануды Астана қаласының адвокаттар мен әскери бөлімдердің заңгерлеріне үйрету мақсатында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында 2016 жылдың 11-12 шілде күндері практикалық семинар сабағы өткізілді.