Архив событий

03/07/2016

Балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiн заңсыз аулау

03/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы - Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу бойынша қозғалған қылмыстық істің алдын ала тыңдау отырысын өткізді.

"Радияциялық қауіпті аумақтарда тұрып жатқаны үшін төленетін үстемақыны тоқтатуды заңсыз деп тану туралы".

03/07/2016

 

Семей гарнизоны әскери сотымен Т.Т.Амраевтың 10810 әскери бөліміне қауіпті аумақтарда тұрып жатқаны үшін төленетін үстемақы мен ақысы төленетін 10 күндік қосымша демалыс беруді тоқтатуды заңсыз деп тану туралы талап арызына қатысты азаматтық іс қаралды.

Қапшағай қаласының тұрғындарымен брифинг-кездесу

03/07/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Н.Жайлаубай, Қапшағай гарнизоны әскери прокуратурасы өкілінің және әскери полиция бөлімі өкілінің, сондай – ақ адвокаттар алқасы мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен брифинг өткізді.

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында тікелей эфирінде

03/07/2016

Қарағанды гарнизонының әскери сотының судьясы Е.Б. Жұмабеков, ағымдағы жылдың 22 маусымында «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының тікелей эфирінде «Сот төрелігін жаңа қылмыстық, азаматтық процессуалдық кодекстері заңнамаларына сүйене отырып жүзеге асыру» атты тақырыпта сұхбат берді.

Сұхбат барысында Е.Б. Жұмабеков нақты қаралған істер бойынша үлгі келтіре отыра, әскерилерге қатысты қылмыстық іс жүргізу және азаматтық процессуалдық кодекстерінің кейбір талаптарын қолдану жағдайларын түсіндірді.

«Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі талқылау»

03/07/2016

Алматы гарнизоны әскери сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын  жүргізу ережесі талқылау» атты тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі С.Ж. Ермаханова сот қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылдың 05 наурызындағы    өкімімен бекіткен «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын  жүргізу ережесімен»  таныстырды.

«Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында семинар

03/07/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Н.Нурманова қазіргі таңда «Қазақ тілі» қоғамының мемлекеттік тілді дамыту, қазақы мәдениетті құру жастар арасында рухани байлықты сіңіру жолында атқаратын жұмыстары арасан зор екеніне тоқталып өтті.

Әскери сотпен оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен азаматтық іс қаралды

03/07/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен талапкер РММ «ҚР ҚМ 32363 әскери бөлімі» жауапкер И.Т.Қалдахметтен 13639 теңге мөлшерінде  киілу мерзімі бітпеген киім-кешектің бағасы ақшалай түрде өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғаны,  жауапкер И.Т.Қалдахмет  теріс себептер бойынша әскери қызметінен шығарылған.

Әскери сотпен қызметтік пәтерден шығару туралы талап арыз қанағаттандырылды

03/07/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі» ММ-нің жауапкерлер Шефер В., Шефер Н., Шефер А., Шефер Р., даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға  -  қорғаншы және қамқоршы органына,  басқа тұрғын үй-жай берiлместен қызметтік пәтерден шығару туралы  азаматтық  қаралды.

Телеарнадағы сұхбат

03/07/2016

Алматы гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі С.Ермаханова Алматы облысы Қапшағай қаласында «Sny Compani» жергілікті  кабелдік телеарнада «Талап арыздарды сот кабинеті арқылы жіберу» тақырыпқа сұхбат берді.

Сот мамандары арасында семинар сабақ

03/07/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында  сот қызметкерлерінің қатысуымен «Шығыс хат-хабарларды пошта арқылы жөнелту тәртібі» атты тақырыпта семинар өтті.

Бас маман Қ.Елдашбаева сот қызметкерлеріне «Облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың пошта арқылы жолдауға жататын құжаттардың Тізбесіне» сәйкес   жолданатын құжаттар жөнінде айтты.

Алматы гарнизоны Әскери сотының басшылығы әскери ұжыммен кездесу өткізді

03/07/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Н.Жайлаубай судья К.З.Естайдың, Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Д.Н.Темирбеков  және оның орынбасары әділет майоры А.Умутбаевтың, сонымен қатар офицер әскери қызметкерлерінің қатысуларымен Алматы облысы Қапшағай қаласында  «Заңды факті деп тану туралы, сондай-ақ сот жүйесінде тұрғын – үй заңнамасын қолдану нормаларын талдау сұрақтарын талқылау » тақырыбында семинар өтті.

Тұрғын – үй заңнамасына қатысты сот тәжірибесіндегі кейбір өзгерістеріне қатысты сұрақтар талқыланды. 

Әскери қызметші жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргендігі үшін сотталып, шартты жаза тағайындалды

03/07/2016

23 маусым 2016 жылы Тараз қаласының №2 қалалық сотында Шымкент гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық  Кодексінің  106-бабының 2-бөлігінің 2,7 тармақтарымен айыпталған  әскери қызметші «А»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ 2093 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша  әскери қызметшісі «А»  2016 жылы наурыз айының 18 жұлдызында сағат 01.30 шамасында Меркі аулындағы «Достар» дәмханасының жанында жәбіленуші «Д»-нің денсаулығына қасақана ауыр  зиян келтірген.

Бұрыңғы әскери қызметшіге жалға берілген қызметтік тұрғын үй заңсыз берілгендіктен жанұя мүшелерімен шығарылған

03/07/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотына талапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның 6506 әскери бөлімі » РММ-нің жауапкер «Б» және оның жанұя мүшелерін  қызметтік тұрғын  үйден босату туралы талап арызбен жүгінген.

Істі сот қарауынан өткеннен кейін рәсімдеу

03/07/2016

Қостанай  гарнизонының әскери сотында  «Істі сот  қарауынан өткеннен  кейін рәсімдеу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Мұндай іс-шара заң нормаларын жоғары деңгейде білу мақсатында өткізіледі, сондай-ақ тәжірибеде қолданылады. 

Әскери сот кеңсесінің жетекші маманы Д.А.Ысқақова сот отырысының хатшыларына іс қаралып болғаннан кейін дұрыс істі әзірленуін атап өтті.

"Ақпаратқа қолжетімділік туралы" ҚР Заңы талқыланды

03/07/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» ҚР Заңы талқылау тақырыбымен семинарлық сабақ өткізілді.

Аға сот жасаулы А.Ә.Мырзағалиев өз сөзінде осы Заң әр адамның ақпаратты еркін түрде заңмен тыйым салынбаған тәсілмен алып және тарату конституциялық құқығын жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтінін атап өтті.

Қызметтік тұрғын үйден шығару

03/07/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер "Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі" ММ-нің жауапкерлер Е.В.Шестакованы, В.С.Власовты және М.С.Власовты басқа тұрғын үй-жай берiлместен қызметтік пәтерден шығару және 64946 теңге мөлшерінде коммуналдық қызмет үшін қарыз өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысының барысын аудио-, бейнежазбаға түсіріп алу

03/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында  «Сот отырысының барысын Аудио-, бейнежазбаға түсіріп алу» тақырыбында семинар сабағы өтті.