Архив событий

12/07/2016

«Сот приставтары туралы» Заңды түсіндіру тақырыбында семинар өтті

12/07/2016

Сот отырысы кезiнде, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде залда қоғамдық тәртiптi сақтау, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау, iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу, сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау кезiнде сот орындаушылары мен осы iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету, соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету сот

Әскери қызметкердің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды

12/07/2016

Алматы гарнизоны Әскери сотымен азамат А. әскери қызметкерінің азаматша С. отбасы мүше деп тану туралы талап арызы ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралды. Арызданушы өзінің талабында азаматша С. туған анасы екендігін және өзімен бірге тұратындығын көрсетті. Мүдделі тұлға өкілі арызданушы мен оның отбасы тұратын тұрғын үй қызметтік болып табылады және арызданушының талаптарымен келіспейтінін айтты.

Әскери қызметшіден тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген өтемақы заңсыз болғандықтан, мемлекет пайдасына өндірілді.

12/07/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотымен талапкер Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ «2024 әскери бөлімі» РММ-нің жауапкер «А»-дан тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген 516 168 теңге  өтемақыны мемлекет пайдасына  өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Соттың анықтағаны, 2024 әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының 2014 жылдың 24 мамырындағы хаттамасымен жауапкер –  әскери қызметші «А» және оның отбасы мүшелері тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалпы 516 168 теңге ақшалай төлемақы төленген.

«Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы»

12/07/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі Г.Себаева ашып, сөз кезегін соттың бас маманы А.Сагиндыковқа берді. 

Өскемен гарнизоны әскери сотында семинар өтті

12/07/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 9 маусым 2016 жылғы №13776 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық-құқықтық саладағы сот статистикалық есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Семинарға сот мамандары қатысты.