Архив событий

15/07/2016

Істерді автоматты түрде бөлудің жаңғыртылуы

15/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Төрелік» Қазақстан Республикасы сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу жөніндегі қағидалар» тақырыбында семинар сабағы өтті.

«Бірінші Қарағанды» телеарна эфирінде.

15/07/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Г.К.Мақаева және бас-маман Т.В.Старченко «Бірінші Қарағанды» телеарнасының эфирінде «Бағыт» бағдарламасында «Сот кабинеті» атты тақырыпта сұхбат берді.

Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы медальмен марапатталды

15/07/2016

2016 жылдың 13 шілдесінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының акт залында Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Генералдар кеңесі»  наградалармен марапаттау салтанатты шарасы  өтті.  12.12.2015 жылдың бірлестігінің ұйымдастыру комитетінің шешімімен, Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы Жүнісбеков Асқарбек Жүнісбекұлы әскери қызметшілер арасында және жастар арасында патриотизмді насихаттағаны үшін, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін «Екі мәрте Кеңес Одағының  Батыры Бегельдинов Талгат Якубович» медалімен марапатталды.

Әскери бөлімде үкіметтік емес ұйымдар мен әскери қызметшілер қатысуымен дөңгелек үстел өтті

15/07/2016

Бүгін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан № 6655 әскери бөлімінің мәжіліс залында  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Сот жүйесіндегі құқықтық реформалар: заң үстемдігін қамтамасыз ету. Сот өндірісіне технологиялық жаңашылдықтарды енгізу» тақырыбы аясында  мемлекеттік емес ұйым өкілдері және аталған әскери бөлімінің өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.  

Қайырымдылық көмек

15/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты мамандарының тарапынан Астана қаласындағы «Балалардың психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемесінің» тәрбиеленушілеріне көмек көрсету акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында мамандар балалардың қал жағдайын біліп, оларға ұсақ-түйектер қажетті заттарды табыстады. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне балаларға қамқор болып өз жұмыстарын адал атқарып жүргендері үшін алғыс білдірілді.

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өтті

15/07/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотының жұмыс жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 15 шілдесінде Шымкент гарнизоны әскери сотында  «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға келген азаматтарды Шымкент гарнизоны әскери сотының төрағасы  қабылдады.

Судья талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

15/07/2016

Алматы гарнизоны әскери сотымен әскери бөлімнің жауапкер азаматша С. қатысты тұрғын – үйден шығару және қызметтік пәтерді жалдау келіісм – шартын бұзу туралы талап арызы қаралды.

Талап арыз негізі жауапкер аталған қызметтік пәтерде ешқандай құжатсыз, яғни, келісім шарт мерзімі ұзартылмаған. Жауапкер әскери қызметкер болып табылмайды. Талапкер соттан келісім шартты бұзуды, жауапкерді басқа тұрғын үймен қамтамасыз етпей, қызметтік пәтерден шығаруды сұрады.

Мемлекеттің пайдасына өндірілді

15/07/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотында 6637 санды әскери бөлімнің теріс уәжемен әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылғанын Д. Жиенмырзин азаматтан 143 477 теңге көлеміндей ақшалай үлесті өндіру туралы талап арызы бойынша оңайлатылған (жазбаша) тәртібімен азаматтық іс қаралды.

Азаматтық кодексінің 953 бабына сай ол негізсіз алынған мүлікті талапкерге қайтаруға міндетті. Еңбек кодексінің 115 бабының 1 бөлігі бойынша қызметкердің жалақысынан қаражаттың ұстап қалуы сот шешімімен өндіріледі.

Сот талап тілекті қанағаттандырусыз қалдырды.

15/07/2016

Семей гарнизоны әскери сотында сот үкімінің орындалуын кейінге қалдыру туралы сотталғанның талап тілек қаралды.

Сотта, Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен М. Нурбеков  ҚР ҚК-нің 441- бабы, 1-бөлігімен қарастырылған  қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1060500 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалғандығы анықталды.

Сотталған Н. сотта өзі жұмыссыз және де материалдық жағдайы болмағандықтан айыппұлды 6 айға бөліп төлеуге мүмкіндік сұрады.