Архив событий

08/07/2016

Әскери қызметкер жалған дипломды қолданғаны үшін сотталды.

08/07/2016

Семей гарнизоны әскери сотымен 2033 әскери бөлімінің С. атты әскери қызметкері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 385 бабы 3 бөлімінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталып, оған жаза ретінде 25 айлық есептік көрсетіш мөлшерінде айыппұл салынды.

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» туралы кезекті дөңгелек үстел өткізілді

08/07/2016

Ақпараттық және инновациялық технологияларды енгізу – дәлділік пен мінсіздікке бастайтын дұрыс жол, сондай-ақ Қазақстан сот жүйесінің жақсы имиджін қалыптастыруға бағытталған тағы нақты қадам болып табылады.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери сотымен Өскемен гарнизоны әскери прокуратурасының ғимаратында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, Ұлттық Ұлан, Қорғаныс Министрлігінің заңгерлерінің қатысуымен «Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Электронды атқару парағы» тақырыбында семинар өтті.

08/07/2016

7 шілде 2016 жылы Өскемен гарнизоны әскери сотында Өскемен гарнизоны әскери сотының қызметкерлерінің қатысуымен «Атқарушылық құжаттарды, қаулыларды, сот актілерін, сот бұйрықтарын орындауға электронды түрде  жіберу нұсқаулығы бойынша» кезекті семинар өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оны болдырмау»

08/07/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының кеңсе мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оны болдырмау» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында, аға сот приставы Ч.Г.Қаныбеков, өз баяндамасы негізінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын-алу шаралары туралы нақты түсіндірді.

Сот отырысында бейне-дыбыс жазбасы жүйесін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

08/07/2016

Сот отырыстарының бейне-дыбыс жазбаға жазылуын енгізу - Заң үстемділігіне негізделген барлық азаматтарға қолжетімді, жария, мобильді сот төрелігінің қалыптасуына бағытталған қадамдардың бірі болып табылады.

Осы орайда бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Бактиярова сот қызметшілері арасында «Бейне-дыбыс жазбасы жүйесі» бағдарламасын қолдану аясында семинар өткізді.

«Ашық есік күні» өткізілді

08/07/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында кезекті рет  «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Сот төрағасы м.у.а. Е.Б.Жұмабеков  бұл күні сарбаздардың ата-аналарын, келісім-шарт бойынша әскерилерді жеке қабылдап, олардың  сұрақтарына жауап берді.

Әскери қызметшілер О.К. Хамитова мен Д.Ө. Мұқашев - еңбек заңының іссапарға жұмсалған шығындарды өтеу  қарастырылған  бөлігін  түсіндіруді  сұрап,  жүгінді.

«Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке мәліметтерді дұрыс толтыру»

08/07/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Е-Кадры» автоматтандырылған жүйесінде жеке мәліметтерді дұрыс толтыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында, бас маман Д.Сарсембаева өзінің сөзінде, жеке карточкалардағы барлық деректемелердің дұрыс толтырылуын көрсетіп, сол карточкаға салынатын әрбір құжаттың көшірмесі PDF форматында болуын айтып өтті. Сондай-ақ,  егер қызметкердің жеке тұлғасына қатысты мәліметтер өзгерген жағдайда, олардың уақытылы енгізілу қажеттілігін айтты.

Сотқа «Сот кабинеті» сервисі арқылы іс-құжаттар тапсыру мәселелері

08/07/2016

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Сот кабинеті» арқылы сотқа іс-құжаттарын тапсыру мәселесі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оған сот мамандары, әскери бөлімдердің заңгерлері және адвокаттар қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңсе меңгерушісі Г.К. Макаева көпшілікке жаңадан енгізілген «Сот кабинеті» электрондық сервисінің пайдалы әрі тиімді тұстарын атап, дөңгелек үстелге қатысушыларын осы жүйе қызметін пайдалануға шақырды.