Архив событий

21/07/2016

Балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiн аулау бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөздері

21/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша қылмыстық топ болып балықтың бекіре тұқымдас түрлерін  заңсыз аулағаны үшін айыпталған Атырау қаласының тұрғындарына қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

21/07/2016

Семей гарнизоны әсскери сотында сот мамандар арасында жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және оған жол бермеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – ғаламдық мәселе» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында сот мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары және сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттары бойынша, кеңсе қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық  қызметтерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық түрлерінің  болмауына түсініктемелер берілді.

«Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану»

21/07/2016

Ақтау гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбына семинар өткізілді.

Бас маман Қ.Елдашбаева  Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы» Заңның бар екені, ол республикада тiлдердi қолданудың құқықтық негiздерiн белгiлейтіні, сондай-ақ, мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.-деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы, Сот жюриінің біліктілік комиссиясының мүшесі - К.Саманбетовпен кездесу.

21/07/2016

Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы, Сот жюриінің біліктілік комиссиясының мүшесі - К.Е.Саманбетов, Ақтөбе гарнизонының әскери сотының ұжымымен кездесті.

Кездесу кезінде К.Е.Саманбетов соттардың кәсіптілігінің деңгейін бағалау әдістемесінің ұсынысы мен Регламентінің негізінде жұмыс істеп жатырған Сот жюриінің біліктілік комиссиясының жұмысы туралы айтып берді.

«ТВК6» телеарнасының тікелей эфирінде

21/07/2016

Семей гарнизонының әскери сотының төрағасы А.Ж. Жүнісбеков, «ТВК6» телеарнасының тікелей эфирінде «Алдағы өтетін Қазақстан Республикасы судьялардың VII Съезді туралы және судьялардың этикалық кодекстің жобасын қабылдау туралы» атты тақырыпта сұхбат берді.

Пошта байланысымен жіберілетін шығыс құжаттарының өзгерген тізімін талқылау

21/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери сотының мамандары ҚР Жоғарғы Сотының, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың пошта байланысымен жіберілуге жататын құжаттардың тізімдеріне талқылау жүргізді.

Сот залынан...

21/07/2016

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арызданушы «Сарыөзек аудандық пайдалану бөліміі» РММ-нің коммуналдық қызметін көрсеткені үшін борышкерден 64 946 теңге өндіру туралы  азаматтық  іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғаны, борышкер Е.В.Шестакова Сарыөзек кенті 1 ә/қ тұрады, анықтамаға байланысты 12 маусым 2016 жылына сәйкес коммуналдық қызмет көрсету берешегі 64 946 теңге құрайды.  Берілген  берешек соммасы 2013 жылдың 01 тамызынан құрылды.