Архив событий

19/07/2016

Заңсыз аңшылық жасағаны үшін айыпталады

19/07/2016

Қостанай гарнизонының әскери сотына ҚК-нің 337 бабының 4 бөлігінің 3 тармағымен (қар үстімен жүретін  техниканы қолданып, ірі зиян келтіріп, өзінің қызмет бабын пайдаланып адаммен жасаған заңсыз аңшылық) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталған 2032 санды әскери бөлімнің әскери қызметкері прапорщик "П" және ҚК-нің 337 бабының 3 бөлігімен (қар үстімен жүретін  техниканы қолданып, ірі зиян келтіріп жасаған заңсыз аңшылық) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталған "Т" азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

19/07/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» тақырыбына сот мамандарымен семинарлық сабақ өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Б.Омаров өз сөзінде Қазақстан Республикасының сот жүйесінде Республикамызда қолданылатын барлық тілдерге құрмет пен құқықтың кепілдікті қамтамасыз етуге және мемлекеттік тілдің дамуына барлық жағдайды жасауға бағытталған, сот өндірісінің тілінде конституциялық принциптері сақталатынын атап кетті.

«Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті» тақырыбында семинар өтті

19/07/2016

2016 жылы 15 шілдеде  Талдықорған гарнизонының әскери сотында «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара барысында сот төрағасы К.М.Байдуакасов өз сөзінде: Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні 2005 жылғы 28 қарашада ратификацияланғаның және адам құқықтары жөніндегі пактілер - адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанын, адамды кемсітушіліктің барлық түріне тыйым салатын халықаралық құжаттар екенін түсіндіріп өтті.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында семинар сабағы өткізілді.

19/07/2016

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы бірлескен бұйрығымен өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі оқыту семинары  өткізілді.

«Төрелік жүйесі арқылы SMS хабарламаны жіберу және қысқаша хаттаманың мазмұны мен құрылымы» жөнінде семинар өткізілді

19/07/2016

Шымкент гарнизоны әскери соты қызметкерлеріне «Төрелік жүйесі арқылы SMS хабарламаны жіберу және қысқаша хаттаманың мазмұны мен құрылымы» атты тақырыбында семинар өткізілді.

«Сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу»

19/07/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесіне» сәйкес, «Сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинарға сот қызметкерлері қатысты.