«Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

25 шілде 2016 жылы Семей гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерінің  арасында «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде жетекші маманы Г.Жуматаева өз баяндамасында мемлекеттiк тiлдің - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi екендігін айтып өтті, және де Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi қолданылады. Мемлекеттік тілімізді көтеру мақсатында, құжаттармен іс жүргізуді қазақ тілінде  жүргізуміз қажет деп айта кетті.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Дөңгелек үстел соңында сот қызметкерлерінің қазақ тілін дамыту және іс қағаздарын жаппай қазақ тілінде жүргізу мақсатында  «Ресми іскерлік қазақ тілі» бағдарламасын  оқыту, әртүрлі сөздіктермен жұмыс жасауға баулу және мәртебесін көтеруде дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіп отырудың маңыздылығы зор екенін айтты.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі