Радиода сұхбат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының мамандары А.Мрасылова мен Д.Талқанбаева «Қазақ радиосы» тікелей эфирінде «Сот және атқарушылық іс жүргізу органдарының ақпараттық жүйелерінің интреграциялануы» және «Сот кабинеті» тақырыптары бойынша сұхбаттар берді.

А.Мрасылова, атқарушылық іс жүргізу органдарымен электронды түрдегі қарым-қатынас жасау соттарға атқару өндірісінің электронды форматына қол жеткізіп, сот орындаушысының атқарушылық құжат бойынша қабылдаған шаралары туралы мәліметті қысқа мерзімде алып отыруын қамтамасыз ететінін, сонымен қатар, орындалған сот актілерінің пайызын жоғарылатып, орындалу мерзімдерін қысқартатыны туралы түсіндіріп берді.

Д.Талқанбаева, «Сот кабинеті» – сот органдарының сервисіне электронды түрде азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген уақытта, үйден немесе кеңседе отырып-ақ ғаламтор арқылы онлайн режимінде «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде талап арыздар, арыз, шағым, өтініш, мемлекеттік баж салығын жөнелту  мүмкіндігі, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері туралы айтылды. Оны іске асыру үшін азаматтар жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды-сандық қолтаңбасын (ЭСҚ) алғаннан кейін «Сот кабинеті» сервисінде тіркелуі  қажеттігін, сол арқылы өздерінің құжаттарын тапсыруға болатынын  түсіндірді.

Сонымен қатар, сот жүйесінде «электронды сот төрелігі» атауымен біріктірілген әр түрлі онлайн-ресурстар белсенді қолданылып жатқанын атап өтті. Олар сот қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, сот төрелігін автоматтандыруды жеделдетеді.

Жаңа енгізулер электронды сот ісін жүргізу сот төрелігінің ашық және қолжетімді болуын, істерді қарау мерзімін қысқартуын қамтамасыз ететіндігі туралы айтылды.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі