Ашық есік күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 28 шілдесінде Алматы гарнизоны Әскери сотында «Ашық есік күні» іс – шарасы өткізілді. Оған барлық ниет білдірушілер қатысты.

Аталған іс – шараның өткізілу мақсаты, азаматтарға құқықтық көмек көрсетумен қатар, сот жүйесіне деген сенімді арттыру. Осы шараға келген азаматша М. – ді сот төрағасының міндетін уақытша атқарушы судья Р.Болатқан қабылдады. Келген азаматшаға кеңестер беріліп, қойылған сұрақтарына жауап берілді. Атап айтқанда, еңбек бөлігі, тұрғын үй даулары, өтемақы өндіру және т.б. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» АЖ арқылы арыздар мен шағымдарды жіберу тәртібі түсіндірілді.

Іс – шараның соңында, Алматы гарнизоны Әскери сотының төраға міндетін уақытша атқарушы судья Р.Болатқан әділ соттылықты қатесіз жүзеге асыруға және дауларды шешуде заңды түрде жүргізуге міндетті екенін айтты.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі