Қызметтік тұрғын үйден шығару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизонының әскери сотымен талап қоюшы ҚР ҰҚК Шекара қызметі және 2029 әскери бөлімінің жауапкер М.Станчинге қарсы берген  басқа тұрғын үй-жай берiлместен оның барлық жанұя мүшелерімен бірге осы қызметтік пәтерден шығару туралы талап-арызы негізінде азаматтық  іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғаны, 31 тамыз 2015 жылғы Бұйрығымен жауапкер теріс себеппен яғни қызметте үш сағаттан көп уақыт бойы жоқ болуына байланысты қызметтен босатылаған. 07 тамыз 2013  жылғы бұйрығымен бөлімнің жеке құрамынан шығарылған.

02.06.2016 жылғы №150 әскери бөлімнің тұрғын – жай комиссиясының шешімімен 30.12.2011 жылғы № 154 қызметтік тұрғын – жайды жалдау шарты жауапкердің еңбек қатынасының тоқтауына байланысты бұзылған. 

Жауапкерге тұрғын – жайды қайтару туралы хабарлама жолданған алайда ол өз еркімен тұрғын – жайды бостапаған.

Осы себептер негізінде және 02.06.2016 жылғы №150 әскери бөлімнің тұрғын – жай комиссиясының шешімімен № 154 қызметтік тұрғын – жайды жалдау шарты жауапкердің еңбек қатынасының тоқтауына байланысты бұзылу негізінде, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2016 жылғы шілденің 27-дағы шешімімен талапкердің талап-арызы толық қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі