Әскери қызметшілермен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы С.Абдуллаевтың бекіткен  2016 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.С.Алдабергенов ҚР ҚМ- не қарасты 25744 әскери бөлімінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы ҚМ-нің 25744, 51809 әскери бөлім басшылары және әскери қызметшілерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Сот төрағасы М.С.Алдабергенов «100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша Елбасы Н.Назарбаевтың сот саласының алдына қойған міндеттері мен талаптары туралы түсіндірме берді. Кездесуде сот жүйесінің ақпараттық жұмыс бөлігіндегі кейбір жетістіктері ашып айтылды. Атап айтқанда, соттағы жаңа ақпаратттық технологиялар: дыбыс-бейне жазу, «Сот кабинеті» сервисі, «Төрелік»  бағдарламаларының жұмысы да таныстырылды.

Кездесу соңында әскери қызметшілер көкейіне жүрген сұрақтар бойынша тұжырымды жауаптарын алды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі