Талап ету мерзімінің өтуіне байланысты, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизонының әскери сотымен талапкер С.Сундетованың «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-не берген сотқа арыз беру мерзімін бекітіп, 2029 санды әскери бөлім командирінің31.12.2015  жылғы бұйрығының күшін жойып, бұрынғы қызметке қайта орналастыру туралы талап-арызы негізінде  азаматтық  іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғаны,  2029 санды әскери бөлім командирінің 31.12.2015  жылғы бұйрығымен ол Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңының» 26 бабы, 1 тармағы,13 тармақшасына сайәскери қызметтенбосатылған және 31 желтоқсан 2015  жылғы бұйрығымен бөлімнің жеке құрамынан шығарылған.

Сүндетованың әскери қызметтен босатылуы Заң талаптарына және әскери қызметті өтеу Ережесіне сай жүргізілген.

Сот отырысында жауапкер өкілі А.Д.Шмаков талап қою мерзімін қолдану арқылы соттан талап-арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

Осыған байланысты, талапкер 2015 жылдың желтоқсанында жұмыстан шығарылғанын білгені, ол бұйрықпен 05.01.2016 танысқанын, ал сотқа талап-арызды тек 2016 жылдың маусымында бергінін есепке алып, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2016 жылғы шілденің 26-дағы шешімімен талап-арыз қанағаттандырусыз қалдыруға жатады деп танылды.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі