Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында ҚК 190-бабы 3-бөлімі 2-тармақшасы, 28-бап 4-бөлімі 367 баптың 47-бөлімімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған азамат М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталды сотталушы М. өзінің лауазымдық қызметін біле тұра, кадет Б. өз еркімен қызметтен босатылуы соңғыға оқу ақысы берілетінін және Б-ның оқу ақысын төлемей деңсаулық жағдайымен оқудан босатылу туралы тілегі, сеніміне қиянат келтіріп қызмет орнын пайдалана отырып, алдау және қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында, яғни өзінің орталық әскери-дәрігерлік комиссиянын қорытындысына әсер ете алмайтындығын біле тұра, сондай-ақ, кадет Б.-ның орталық әскери-дәрігерлік комиссияна жолданғанын біле отырып, соңғыны лауазымды тұлғаға пара беруге үгіттеп, Б-ны әдейі шатастырып,  оған әскери қызметке жарамсыз туралы қорытындыны алып беруге уәде беріп, одан 700 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақыны орталық әскери-дәрігерлік комиссияның мүшелеріне беру үшін деп талап еткен.  

Қылмыстық істі қарау нәтижесімен сотталушы М. қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған мүлкін тәркілей отырып, жалпы режимдегі колониясында 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызметтерді атқару құқығынан айыру жазасы. Сонымен қатар сотталушы М.-ге ҚК 49-бабы негізінде «капитан» әскери атағынан айырылды.

Сонымен қатар, сотпен қылмыстық істі қарау барысында қылмыстық-процестік кодекстің талаптары бұзылғаны анықталды, сол себептен сотпен алдағы уақытта мағыналас құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында  Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Департаменті басшысының атына жеке қаулы шығарылды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі