Негізгі Заңымыз - Конституцияға 21 жыл!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Негізгі заңымыз - Конституцияға 21 жыл»  тақырыбыдна семинар өткізілді.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Ж.Тажмұхан семинар сабағында барлық қатысушыларға Конституция барлық заң салаларының негізі болып табылатынын, ал, оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептелетінін. Оның қағидаларына қайшы келетін заңдар мен өзге актілердің заңдық күші болмайтыны туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Сонымен қатар, баяндамашы судья Б.Ж.Тажмұхан  семинар кезінде Жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата Заңы, 1937, 1978 жылдардағы Конституциялар Қазақстан Кеңестер Одағы құрамында болған кезде Кеңестер Одағы Конституциясына негізделіп жасалғандығын ерекше айтып өтті.

Мамандар түсінбеген мәселелері бойынша  судья Б.Ж.Тажмұханға  сұрақтарын қойып, ол бойынша түсіндірме жауаптарын алды.

Қайнар: 
Пресс-служба Военного суда РК