«Ностальжи» радиосыңда сұхбат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотының жетекші маманы Н.Жунисова Ностальжи радиосында «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» туралы сұқбат берді.

Өз сөзінде Н.Жунисова  Қазақтан Республикасының мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылатынын атап өтті. «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумақтарында қоғамдық қатынастарда қолданылатын барлық салалардағы мемлекеттік басқару, заңнамалар, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі» - деп атап өтті.

«Ностальжи» радио толқынының эфирінде Н.Ж.Жунисова көкейкестi мәселе болып табылатын, тiл - коммуникативтiк қызметті атқаратын қоғамның басты сипаттамаларының бiрi болатынын, бүгiнгi күні мемлекеттiк тiлдi қолдану және дамыту бiз үшін абыройлы iс болып табылады, тіл - ең маңызды қоғамдық және саяси басымдылықтардың бірі. Тіл – бұл тәуелсіз мемлекет екендігіміздің бір нышаны, болашақ ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, жетекші маман мемлекеттік тілдің мемлекеттік мекемелерде іс жүргізудегі рөлі жайында және қазақ тілінің мәртебесі туралы мәселелер жайында айтты.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі