«Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

26 шілде 2016 жылы Талдықорған гарнизонының әскери сотының кеңсе меңгерушісі м.а. Г.Есимбековамен Талдықорған гарнизонының әскери бөлімдерінің заңгерлерімен «Сот кабинеті» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Сот ғимаратында өткен практикалық дөңгелек үстел барысында қатысушыларға «Сот кабинеті» электронды сервисіне тіркелу/кіру, сотқа өтініштер мен қолдау хаттарды, апелляциялық және кассациялық шағымдарды жолдау  практикалық түрде компьютелік техника арқылы көрсетілді.

Баяндаушы өз сөзінде сот органдарына  «Сот кабинеті» сервисі арқылы хаттарды жіберу, электрондық құжат айналымын қолдану мүмкіншіліктерін көбейтетіндігін, қағаз жүзіндегі құжат айналымын азайта отырып, сотқа жүгіну механизмін жеңілдетіп, талап арыздың сот ісін жүргізу деңгейінің процедураларын жылдамдататындығын айтып көрсетті.

Қатысушылар осындай іс шара өткізілгеніне алғыстарын білдіріп, Сот кабинеті сервисін қолдану олар үшін өте ынғайлы және тиімді,  уақыттарын үнемдеп жұмыстарын жеделдететінін жеткізді және де алдағы уақытта барлық құжаттарды сот кабинеті жүйесі арқылы жіберу туралы ортақ келісімге келді.

Дөңгелек үстелге  қатысушыларға  «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі бойынша үлестірме материалдар таратылды.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі