Қызметтік тұрғын үйді пайдалану құқығын жоғалтқан тұлға деп тану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотымен «ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы» ММ-нің азаматша В. қатысты қызметтік тұрғын үйді пайдалану құқығын жоғалтқан тұлға деп тану және «ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы» ММ-мен азаматша В. арасында жасалған жалдау келісім шартын бұзу мен  843 теңге 80 тиын көлемде коммуналдық қызмет ақысын өндіру туралы және қызметтік тұрғын үйден шығару туралы азаматтық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, азаматша В. мен «ҚР ҰҚК ШҚ Академиясы» ММ-мен «Мемлекеттің қорынан қызметтік тұрғын үйді жалдау келісім шарты» жасалған. Осы келісім шарт негізінде Академия азаматша В. мен оның отбасы уақытша жалдауға тұрғын үй берген.

2015 жылдың 8 желтоқсанында ҚР ҰҚК ШҚ Академиясымен комиссия құрылып, запастағы прапорщик азаматша В-ның тұрғын үйін тексеру барысында, азаматша В. қызметтік тұрғын үйде тұрмаған және қажетті күтім жасамаған.

2016 жылдың 01 сәуірінде қайта тексеріс жүргізілген. Анықталғандай, азаматша В. коммуналдық төлем жүргізуден бас тартқан және аталған тұрғын үйде тұрмаған.

2016 жылдың 01 сәуірге коммуналдық төлем соммасы 843 теңге 80 тиынды құрады.

Жауапкерге соттың болатын орыны мен уақыты туралы мәлімделген. Алайда, белгісіз себептермен сотқа келмеді. Сол себепті судья жауапкердің қатысуынсыз қарауды шешті.

Судья арызданушының талабын тыңдап, талап арыз заңды түрде құрастырылған деп шешкен прокурордың қорытындысын тыңдап, арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі