Қызметтік пәтерден шығару туралы талап-арыз мерзімі өтуіне байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жауапкерлер «Б.,С.» қызметтік пәтерден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Соттың анықтағаны, 10 желтоқсан 2004 жылы 03858 әскери бөлімінің тұрғын үй комиссия шешімімен жауапкер әскери қызметкер «Б»-ға әскери қызмет атқару мерзімі аяқталғанға дейін қызметтік пәтер берілген. 11 мамыр 2010 жылы жауапкер «Б»  әскери қызметтен шығарылған.

Талапкер жауапкер «Б» әскери қызметтен шығарылғаннан кейін 6 жылдан кейін  жоғарыда көрсетілген талап-арызбен сотқа жүгінген. 

Қазақстан Республикасы «Тұрғын-ұй қатынастары туралы» Заңның 111 бабына сай, осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастарына байланысты қызметтік тұрғынжай берiлiп, ол қатынастарды тоқтатқан жұмыскерлер, оның ішінде лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері өздерiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. Аталған негiздер бойынша қызметтiк тұрғын үйден шығару туралы талап еңбек қатынастарын тоқтатқан күннен бастап үш жылдың iшiнде қойылуы мүмкiн.

 Шымкент гарнизоны әскери сотының шешімімен талапкер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің талап арызы толығымен қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі