Семей гарнизоны әскери сотында өткізілген семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

17 маусым 2016 жылы Семей  гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы 414 В заңы» туралы семинар өтті.  Баяндамашы  бас маман Мягкова Казанцева С.В. болды. Ол өз сөзінде 2015 жылы 23 қарашада жаңа еңбек  кодексінің  қабылданғаны, 2007 жылы 15 мамырда қабылданған Еңбек Кодексінің күшінің жойылғаны туралы, және де жаңа Кодекс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгені туралы баяндады.  

Жаңа Еңбек кодексі «100 нақты қадам» және еңбек қатынастарының жүйесін жаңғырту реформаларын жүзеге асыру үшін енгізілген. Алдыңғы кодекске ұқсас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі еңбек қатынастарына тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін, еңбек қатынастарын құқықтық реттеумен бағытталған негізгі құқықтық акт, жұмыс орнындағы құқықтар мен бостандықтарына ең төменгі кепілдік құру болып табылады.  

Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексі екі жақтың мүддесін ескере отырып, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік араласу шегін, олардың функциялары мен міндеттерін анық анықтайды. Бұл қарым қатынастар ұжымдық келіссөздер рөлін нығайтумен, өзін-өзі реттеу принциптерінен жасалған және персоналдың қозғалысын, жұмыстан босату, жұмыс уақытын, еңбек және демалыс жағдайларын сондай ақ шарттар жасау үшін құрылады.

Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексінде осы процедуралар айтарлықтай жеңілдетілген. Семей гарнизоны әскери соты әскери ұйымдардағы әскери бөлімшелермен көптеген еңбек қатынастарын қарайды, өйткені өз жұмысында сот қызметкерлері үнемі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің ережелеріне жүгінеді және қажетті деп табады. 

Источник: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі