Архив событий

18/02/2017

Ашық есік күні өтті

18/02/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында сот әділдігінің ашықтығы мен қолжетімділігі мақсатында, сонымен қатар аталмыш гарнизонның әскери қызметшілеріне құқықтық көмек көрсету ниетінде  «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Осы шараның өткізілу барысында сот төрағасы Ш.Н.Кадировтың қабылдауына гарнизонның келесі әскери қызметшілері, яғни: ҚР ҚМ-нің 30238 санды әскери бөлімінен аға лейтенант Н.К.Бақтыбаев пен сержант Т.Е.Нуров келіп, жер заңнамасына қатысты немесе қызмет орны бойынша тіркеуге тұру туралы сауалдармен кеңес сұрады.

Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Жоғарғы соттың Пилоттық жобасын насихаттау

18/02/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Ж.Тажмұхан «Рика ТВ» телеарнасының  «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында даулардың жекеленген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу мақсатындағы Пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережесіне сай, даулардың жекеленген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен қарау туралы түсіндіру жұмыстарын өткізді, атап айтқанда жас өспірім балаларға қатысты алименттік міндеттер туралы даулар, некені бұзу туралы, мұрагерлік және мүлікті бөлу туралы, тұрғын орнынан шығару, еңбек

Сот мұгедек анасын қызының асырауында болу фактісін анықтады.

18/02/2017

Өтініш беруші И.Абдашимова анасы К.Акеджанованың өзінің асырауында болу заңды фактісін анықтау туралы арызбен жүгінген.

Сот барысында өтініш беруші И.Абдашимова  2...  әскери бөлімінде қаржы бөлімі орталықтандырылған бухгалтерия бастығының көмекшісі қызметін атқаратындығын және анасы 06.07.1957 жылы туылған К.Акеджановамен бірге тұратындығын көрсетті. Анасы толығымен өзінің асырауында, 2-ші топ мүгедектігіне байланысты тұрақты күтімге мұқтаж етедігін, зейнетақысы тек дәрі-дәрмекке қана жетедігін айтты.

Семей гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді

18/02/2017

Семей гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған іс-шара сот әділдігінің ашықтығын, жариялығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Мұндай іс-шаралар сотта ай сайын өткізіліп отырады.

Шара барысында сот төрағасы А.Ж. Жүнісбеков азаматтарды қабылдады. Төрағаның қабылдауына әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері тұрғын үйге қатысты сұрақтарымен жүгінді. Сот төрағасы  сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берді.  

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта «Ностальжи» радиосында ақпарат берілді

18/02/2017

Талдықорған гарнизоны әскери сотының бас маманы сот отырысының хатшысы М.Кожабековамен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбына Ностальжи радиосында мәлімет берілді.

Қызметтік тұрғын-үй орнына, өтемақы айырмасын алу мәселесі шешілді

18/02/2017

Алматы гарнизоны Әскери соты талапкер Ш. жауапкерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және 58012 әскери бөліміне  қатысты өтемақының ақшалай айырмасын өндіріп алу туралы азаматтық ісін қарады.

Тұрғын үй құжаттары уақытылы рәсімделмеген

18/02/2017

Алматы гарнизоны Әскери соты талапкер К. жауапкер  «Гвардейск АПБ» РММ-не қатысты іс-әрекетін заңсыз деп тану және тұрғын үй жалдау келісім шартына қосу туралы азаматтық ісін қарады.

2016 жыл қорытындысы бойынша брифинг өтті

18/02/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 16 ақпанда «Қостанай таңы» облыстық және «Наш Костанай» қалалық газеттері тілшілерінің  қатысуымен әскери соттың 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Брифингте әскери соттың төрағасы А. Исабеков 2016 жылы әскери соттың өндірісінде 17 қылмыстық істің болғанын айтып өтті. Соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 3 іс.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданылды

18/02/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қалалық пробация қызметі бөлім бастығының ұсынысы бойынша Б-ты «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданып жазадан босату туралы ұсынысы қаралды. 

"Рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңына түсіндірме

18/02/2017

«РИКА-ТВ» телеарнасының «Из первых рук» бағдарламасында Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.У.Ахметов «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының түсіндіру тақырыбында кездесу өткізілді.

Осы іс-шараны өткізу кезінде Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.У.Ахметов аталмыш тақырыпқа қатысты мәселерге кеңінен тоқталып, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін ауыстыру, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту және кейбір адамдар рақымшылық жасау қолданылмайтыны  туралы әңгімелеп  берді.