Ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында сот әділдігінің ашықтығы мен қолжетімділігі мақсатында, сонымен қатар аталмыш гарнизонның әскери қызметшілеріне құқықтық көмек көрсету ниетінде  «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Осы шараның өткізілу барысында сот төрағасы Ш.Н.Кадировтың қабылдауына гарнизонның келесі әскери қызметшілері, яғни: ҚР ҚМ-нің 30238 санды әскери бөлімінен аға лейтенант Н.К.Бақтыбаев пен сержант Т.Е.Нуров келіп, жер заңнамасына қатысты немесе қызмет орны бойынша тіркеуге тұру туралы сауалдармен кеңес сұрады.

Іс-шара барысында сот төрағасы Ш.Н.Кадиров келген әрбір әскери қызметшілерге қажетті заңдардың  қолдану тәртібімен сауалдарына жауап берді.  

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі