Архив событий

06/02/2017

2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру жұмыс нәтижесі қорытындыланды

06/02/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотында 2016 жылы сот әділдігін жүзеге асыру жұмыс нәтижесі қорытындыланды.

Төраға 2016 жылғы әскери соттың жұмысын талдай келе, сотқа түскен материалдар мен істердің уақытылы қаралып, заңды шешімдер шығарылғанын баяндады.

Сонымен қатар ол, судьялар мен сот мамандарына қатысты шағым-арыздар түспегендігіне тоқталып өтті.

БАҚ өкілдеріне шектеулер талқыланды

06/02/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотында Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен БАҚ өкілдерінің қатысуларымен семинар-кеңесу шарасы өтті.

Семинар-кеңесуге сот төрағасы Д.Баймақұлов, Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметінің полиция аға лейтенанты А.Оразғалиев және «Қазақстан» РТРК филиалы директорының орынбасары А.Жабағиева қатысты.