Архив событий

09/02/2017

Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының басшылығымен және әскери қызметшілермен кездеу өткізілді

09/02/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Б.Дәрібаев Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының  басшылығымен  және әскери қызметшілермен  кездеу өткізді.

Кездесу барысында судья Б.Дәрібаев ҚР Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен өтініштер мен өзге де арыздарға жауап қайтару тәртібі мен мерзімі

09/02/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен өтініштер мен өзге де арыздарға жауап қайтару тәртібі мен мерзімі» туралы тақырыбына семинар-тренинг өткізілді.

Ашық есік күні өткізілді

09/02/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың 2 жартыжылдығына арналған Жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі 27943 әскери бөлімінің ғимаратында әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Шара барысында, сот төрағасы Д.В.Баймакулов әскери қызметкерлерге әскери қызметке қабылдану және әскери қызметтен босату туралы, сондай-ақ әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына тұрғын үйді жалға алуға төленетін жәрдемақы төлеу туралы сауалдарға жауап берді.

Әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу

09/02/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай «Әскери қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары» атты тақырыбында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Академиясында профессорлық – оқытушылық құрамы мен курсанттарының қатысуларымен семинар сабағын өткізді.

Ақмола гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты

09/02/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Іс- шараға төраға м.а. Е.Ибраимов, бас маман А.Сайлауова, «Астана ақшамы» газетінің тілшісі С.Жолдасбай,  «Вечерняя Астана» газетінің тілшісі Д.Тулепов қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында төраға м.а. 2016 жылы сотпен қаралған азаматтық және қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

«Ашық есік күні» өтті

09/02/2017

Сот әділдігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар азаматтарға және әскери қызметшілерге құқықтық көмек көрсету мақсатында Ақтөбе гарнизоны әскери сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Ақпаратты криптографиялық қорғау туралы

09/02/2017

Қостанай гарнизоны әскери сотында сот төрағасы, судьялар және мамандардың қатысуларымен «Қазақстан Республикасының сот жүйесінде ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (смарт-карталар) пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы төс белгімен марапатталды

09/02/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери сотында сот ұжымының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6655 әскери бөлімінің командирі подполковник Е.А.Жанабергенов, сот төрағасы Ш.Н.Кадировты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығына сай, «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» төс белгісімен марапаттады.

Сонымен қатар, әскери бөлім командирі сот ұжымын құттықтап, сот жұмысына жоғарғы баға берді.

Шымкент гарнизоны әскери полициясында дөнгелек үстел өтті

09/02/2017

Шымкент гарнизоны әскери полициясында Шымкент гарнизоны әскери сотының судьялары  Б.Б.Каипов,  Г.Т.Усманова және сот төрағасы Қ.Ғ.Мынбатыровтың төрағалық етуімен, әскери полицияның жеке кұрамының және  ОҚО Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен: «Нақты 100 қадам Ұлттық жоспарын іске асыру»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 ж.ж. арналған Стратегиясы»; «Тұрғын үй заңнамасына қатысты мәселелер» атты тақырыптарға көшпелі дөнгелек үстел өткізілді.