Архив событий

24/02/2017

Сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру туралы арыз ішінара қанағаттандырылды

24/02/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ «2017 әскери бөлімі» РММ-нің өкілі К.Т.Ораздановтың талапкер Ж.А.Алибековтың Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ «2017 әскери бөлімі» РММ-не қызметтік  тұрғын үйді жекешелендіру құқығына ие болу орнына, ақшалай өтемақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі бойынша, сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру туралы арызы қаралды.

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

24/02/2017

Жаңа технологияларды енгізу – уақыт талабы, сондықтан да соттардың мақсаты жұртшылыққа сотқа сервис арқылы жүгінуге болатындығы туралы ақпаратты жеткізіп, мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынасты орнату болып табылады.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери соты Өскемен қаласы бойынша қорғаныс істер жөніндегі басқармасының ғимаратында «Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Қарулы Күштер Жарғысындағы курсанттарды Қазақстан Республикасының болашақ офицерлер-Отан қорғаушылар ретінде тәрбиелеу бөлімінің негізгі критерилерін түсіндіру

24/02/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай Алматы қаласының Радиоэлектроника және байланыс Әскери – инженерлік институтында семинар сабағын  өткізді.

Семинар сабағының тақырыбы: «Қарулы Күштер Жарғысындағы курсанттарды Қазақстан Республикасының  болашақ офицерлер-Отан қорғаушылар ретінде тәрбиелеу бөлімінің негізгі критерилерін түсіндіру», оған Әскери – инженерлік институтының басшысы полковник А.Мустабеков осы институттың оқытушылық құрамы мен әскери қызметкерлері қатысты.

Пара алған полковникке үкім шығарылды

24/02/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 23 ақпанда ҚР ҚК-нің 366 бабының 1 бөлігімен (лауазымды тұлғамен жеке өзі пара алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін ҚР Ұлтық Ұланы Әскери институтының әскери қызметшісі полковник "Қ"-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Сот қызметтік тұрғын үйде тұруды заңсыз деп таныды

24/02/2017

Ақмола гарнизоны  әскери сотында «Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі» ММ-нің  жауапкер С. басқа тұрғын үй-жай берiлместен  қызметтік тұрғын үйден шығару және қызметтік тұрғын үй пайдалану құқығын жойылды деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.