Қарулы Күштер Жарғысындағы курсанттарды Қазақстан Республикасының болашақ офицерлер-Отан қорғаушылар ретінде тәрбиелеу бөлімінің негізгі критерилерін түсіндіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай Алматы қаласының Радиоэлектроника және байланыс Әскери – инженерлік институтында семинар сабағын  өткізді.

Семинар сабағының тақырыбы: «Қарулы Күштер Жарғысындағы курсанттарды Қазақстан Республикасының  болашақ офицерлер-Отан қорғаушылар ретінде тәрбиелеу бөлімінің негізгі критерилерін түсіндіру», оған Әскери – инженерлік институтының басшысы полковник А.Мустабеков осы институттың оқытушылық құрамы мен әскери қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасының атап өткені, Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды. Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, қағидалармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының  әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге, азаматтарға, олар әскери даярлықтан өту кезеңінде, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

Әскердегі әлімжеттік қатынас мәселесі күрделі болып табылады, себебі әскери қызметкерлердің қарым – қатынас ережелеріне қолсұғатын қылмыстар адамдардың тағдырына нұқсан және жас буын өкілдеріне зақым келтіреді деді. Бұл тек Қарулы Күштердің ғана емес, сондай-ақ азаматтық қоғамның криминологиялық мәселесі болып отыр.

Сонымен бірге, сот төрағасы Әскери соттың тәжірибесінде әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу жөніндегі қылмыстық істер жиі қаралып тұратынын атап өтті.

Семинар соңында, отырысқа қатысушылар өз пікірлерімен алмасып, бір-бірінің қойған сұрақтарына орынды жауаптарын берді.

 

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі