Архив событий

11/02/2017

Әскери сот Астана қаласының МКҚБ-ның өкілдерімен кездесу өткізді

11/02/2017

ҚР Әскери сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшысының 2016 жылғы «3» мамырдағы №6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылгы «5» мамырдағы № 489 бірлескен бүйрығымен бекітілген сотқа келушiлер үшiн өткiзу және объектiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларын талқылау мақсатында  семинар-кеңес өткізілді.

Лауазымды тұлғанын әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап арыз қанағаттандырылды

11/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер С.Бошенов жауапкерлер 20... әскери бөлімі және «ҚР ҰҚК Шекара қызметі» лауазымды тұлғанын әрекеттерін заңсыз деп тану және жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдін орнына ақшалай компенсациясын төлеу жөнінде қайта жүгінуді мәжбірлеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы әскери қызметшілермен кездесу өткізді

11/02/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С.Байжанов және судья Е.Б. Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының  Қарағанды гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.

Сот төрағасы әскери қызметшілерге Қарағанды гарнизоны әскери сотында 2016 жылы сот әділдігін жүзеге асыру жұмыстарының нәтижесі туралы айтып өтті.

Ақмола гарнизоны әскери соты «Ашық есік күнін» өткізеді

11/02/2017

2017 жылдың 17 ақпанында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Ақмола гарнизоны әскери сотында төрағаның м.а. Е.Ибраимовтың қатысуымен «Ашық есік күні»  өткізілетіндігін хабарлаймыз.

Аталған іс шара азаматтардың құқық мәдениетінің деңгейін жоғарылату, сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ, сот әділдігінің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Іс шара барысында барлық ниет білдірушілерге құқықтық көмек және кеңестер беріледі.

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Ашық есік» күні өткізілді

11/02/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов «Ашық есік» күніне келген әскери қызметшілерді қабылдады.

Сотқа келген әскери қызметшілер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Олар тұрғын үй комиссиясының шешімдеріне дау айту, пәтер жалдауына байланысты төленетін өтемақының тәртібі және сотқа талап қою мәселелері бойынша сұрады.  

Бұл сұрақтарға сот төрағасы жан-жақты және толық жауап берді.

Ақтау гарнизоны әскери сотында семинар-кеңес өтті

11/02/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Сот ғимаратында техникалық аппараттарды  пайдалану (бейнекамера, дыбыстық таспа, смартфон, планшеттерді және т.б.)»  бойынша сот қызметкерлері мен  ҚР ІІМ «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің қызметкерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуларымен семинар-кеңес өтті.

Ішкі қызмет қағидасын бұзғаны үшін айыппұл

11/02/2017

Алматы гарнизоны әскери соты ҚР ҚК-нің 447-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны бойынша айыпталған курсант Т.-ға қатысты ісін қарады.

Соттың анықтағаны, 2016 жылғы 26-шы желтоқсанда Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 1-ші курс курсанттары Т. және Е. тәуліктік кезекшілікке түскен.               

Семей гарнизоны әскери соты 2016 жыл жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді

11/02/2017

Семей гарнизоны әскери сотында 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті.

Іс-шараға сот төрағасы А.Ж. Жүнісбеков, судья, сот мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз мәжілісі барысында сот төрағасы аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың статистикасын мәлімдеді. 

БАҚ өкілдерінің сотта болу мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өткізілді

11/02/2017

Ақтөбе гарнизоны әскери соты қызметкерлерінің, «Нур kz» қоғамдық-ақпараттық апталық газеттің өкілі А.Ерубаеваның, сонымен қатар «Ақтөбе облысы бойынша арнайы мамандандырылған «Күзет» қызметі» РММ-е басқармасының 1-ші батальонының 4-ші взвод командирі лейтенант Д.Б.Болаттың қатысуларымен, БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметіне байланысты (бейнекамералар, диктофондар, смартфондар, планшеттер және т.б.) техникалық құралдармен Республиканың жергілікті соттардың ғимаратына кіруге және техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат беру бойынша бойынша қызметтік кездесу өткізілді.         

Мемлекеттік тіл мәртебесі

11/02/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында судьялар мен мамандардың және Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры әділет капитаны  Р. Тұғыровтың қатысуымен «Мемлекеттік тіл мәртебесі» тақырыбында семинар өткізілді.

Судья М. Аманжолов өз сөзінде Елбасымыз «Біздің, бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор - мемлекеттік тіл» деген болатын, сондықтан тіл мәселесіне баршамыздың қолдау көрсетуіміз қажет дей келе, тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні екендігін айтты.  

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

11/02/2017

Семей гарнизонының әскери сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған семинар сабақтарының жоспарына сәйкес кеңсе меңгерушісі Р.К. Бигазинамен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» атты тақырыбымен семинар өткізілді.

Әскери сот талап арызды толығымен қанағаттандырды

11/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер Т-ның төрт адамнан тұратын отбасы мүшелеріне ақшалай компенсацияны өндіру жөнінде лауазымды тұлғалардын әрекеттерін заңсыз деп тану, әскери бөлім командирінің 25.10.2016 жылы шығарған бұйрығымен оған 16079760 теңге мөлшерінде компенсация төлеу туралы тармағын заңсыз деп тану туралы, ортақтас түрде 5-ші жанұя мүшесі ұлы – С.Серікболовқа 4019940 теңге мөлшерінде ақшалай компенсацияны төлеуді міндеттеу және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.