Архив событий

01/02/2017

Әскери қызметші корабль жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін сотталды

01/02/2017

Ақтау гарнизонының әскери сотында ҚР ҚК-нің 465-бабымен  (Корабль жүргiзу қағидаларын бұзу) айыпталған аға лейтенант Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, сотталушы Ж. 2016 жылғы 29 сәуірде сағат 03:19 шамасында жауынгерлік кезекшілікте болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында шамамен 6-7 миль қашықтықта «Амур» атты моторлы жүзу қайығын анықтаған, аталған қайықта Ақтау қаласының тұрғындары болған.