Архив событий

23/02/2017

"Рақымшылық жасау туралы" Заңы қолданылды

23/02/2017

Өскемен гарнизоны әскери соты Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің сотталған Р.-ға қатысты 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысын қарады.

«Сотқа дейінгі қылмыстық-процессуалдық заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы»

23/02/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай  Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының жеке құрамымен  «Сотқа дейінгі қылмыстық-процессуалдық заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

"Пробация туралы" ҚР Заңын қолдану мәселелері

23/02/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 21 ақапанда әскери  сот судьяларының, Қостанай облысы түзеу жүйесі мекемелері Департаментінің пробация қызметінің өкілі Т. Шодорованың, Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры  әділет майоры Б. Әкіремжанованың және Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты В. Поповтың қатысуымен Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңын қолдану мәселелеріне қатысты «дөңгелек үстел»  өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кестеге сәйкес жүргізілуде

23/02/2017

Бүгін азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы  Е.Ұ.Ахметжановтың қабылдауында Қазақстан Республикасы Әскери полициясы бас басқармасының анықтаушысы әділет майоры Мурад Арчаков болды. Ол  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының қолдану ерекшеліктері туралы сұрады.

Әскери қызметке қайта орналастырылды

23/02/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотына талапкер келісім шарт бойынша бұрынғы әскери қызметкер «Ф» жауапкер Қорғаныс істер жөнінде Департаменті, Департамент бастығының шекті жасымен әскери қызметтен шығару туралы бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, ләжсіз бос жүрген уақытына  ақшалай қаражатты  өндіру, белгіленген тәртіппен әскери қызметтен шығару және 500 000 теңге мөлшерінде  моральдық нұқсанды өндіру туралы  талап арызбен  жүгінген.

«Гауптвахтаның жағдайымен танысу»

23/02/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай Алматы Өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында сот төрағасы гауптвахтаның жағдайымен танысты. Сондай-ақ, ол Алматы гарнизоны әскери сотында әскери прокуратураның, Алматы гарнизоны бойынша ҰҚК басқармасының әскери полиция және Алматы өңірлік гарнизонының қызметкерлерімен  2017 жылдың 1 қантарынан бастап соттармен әскери қызметкерлерге қамау түріндегі жаза қолдану және жазасын гауптвахтада өтеу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткенін айтты.  

Сот лауазымды тұлғаның әрекетін заңсыз деп таныды

23/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер Н-ның 29 қыркүйек 2016 жылы оған жеті адамның орнына алты адамға ақшалай компенсация төлеу туралы ҚР ҰҚК ведомствалық бюджеттік комиссиясының шыққан шешімін, ҚР ҰҚК ШҚ файылдық хабарламасын заңсыз және оның күшін жойып, ҚР ҰҚК-нен бір адамға жанұя мүшесі қызы – А.Маликоваға 4 691 880 теңге мөлшерінде ақшалай компенсацияны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.