"Пробация туралы" ҚР Заңын қолдану мәселелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай гарнизонының әскери сотында 2017 жылғы 21 ақапанда әскери  сот судьяларының, Қостанай облысы түзеу жүйесі мекемелері Департаментінің пробация қызметінің өкілі Т. Шодорованың, Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры  әділет майоры Б. Әкіремжанованың және Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты В. Поповтың қатысуымен Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңын қолдану мәселелеріне қатысты «дөңгелек үстел»  өткізілді.

Әскери соттың төрағасы А. Исабеков 2016 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» Заңы қабылданып, 2017 жылдың 17 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгенін айтып өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтіп, пробацияның мақсаты мен қағидаттарына тоқтады.

Іс-шарада пробация қызметінің өкілі Шодорова «Пробация туралы» ҚР Заңын қолдану мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, оны жүзеге асыратын субъектілер және олардың құзыреті, пробация қызметінің өкілеттіктері, түрлері және оны жүзеге асыру ерекшеліктеріне, сотқа дейінгі баяндама, кәмелетке толмаған адамға қатысты пробацияны жүзеге асыру ерекшеліктеріне тоқтап, сотқа дейінгі, үкімдік пенитенциарлық, пенитенциарлықтан кейінгі пробацияны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі