Азаматтарды қабылдау кестеге сәйкес жүргізілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы  Е.Ұ.Ахметжановтың қабылдауында Қазақстан Республикасы Әскери полициясы бас басқармасының анықтаушысы әділет майоры Мурад Арчаков болды. Ол  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының қолдану ерекшеліктері туралы сұрады.

Қабылдау барысында сот төрағасы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңы бойынша жазадан босатылатын және рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар, сонымен қатар жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін ауыстыру, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту қарастырылғанын айтты. Е.Ұ.Ахметжанов рақымшылық жасауды қолдану шарттары, аталған Заңды қолдану тәртібі, оның орындалу мерзімі және іске асыру жөніндегі шаралар туралы түсініктер берді. 

М.Арчаков берген түсінікемелер үшін сот төрағасына алғысын білдірді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі