Архив событий

16/02/2017

Сот оқуға кеткен шығынды мемлекет пайдасына өндіру туралы бұйрық шығарды

16/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер  ҚР-сы ҰҚК-нің Шекара қызметі жауапкер Д.Нурсаиновтың жоғарғы әскери оқу орындағы оқуына жұмсалған 1851596 теңге мөлшерінде бюджеттік қаражатты өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

16/02/2017

30238 әскери бөлім мекемесінде, жеке құрамның қатысуларымен «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде қатысушыларға, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы А.У.Ахметов, барлық халықтар өзiнiң мемлекеттік құрылысын өздерi шешуге құқылы екенін және осы құқық бойынша олар өз елiнiң саяси мәртебесiн еркiн белгiлеп, оның экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамуын еркiн түрде қамтамасыз етуге болатынын айтты.

Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидалардың бұзылуы

16/02/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Жайлаубай Ж.Н. Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-клиникалық госпиталінде семинар сабағын өткізді.

Семинар сабағының тақырыбы: «Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу», осы семинарға Алматы гарнизоны Әскери прокуроры әділет полковнигі Саткен Т.Б., аталған госпитальдің бастығы медицина қызметі полковнигі Қыдырмағамбетов И.Л., сонымен қатар медицина қызметкерлері және госпитальдің мамандары қатысты.

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

16/02/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Мұнайлы және «Сахара» газеттерінің өкілдерінің қатысуларымен брифинг өткізді.

Брифингте сот төрағасы 2015 жылмен салыстырмалы түрде 2016 жылы қаралған сот істері бойынша статистикалық мәліметтерді айтты.

Сондай-ақ, барлық  талап арыздар мен өтініштер тек «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетінін, істерді 100 пайыз дыбыс-бейне жазбаның қолдануымен өткізілетіні туралы айтылды.

«Б» корпусының мемлекеттік сот қызметшілері арасында өткізілетін аттестаттау бойынша түсіндіру жұмысы

16/02/2017

Алматы  гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі С.Ермаханова сот қызметкерлерімен алдағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік  қызметшілерін аттестаттауды өткізу бойынша түсіндіру жұмысын өткізді.

«Казақстан-Караганда» телеарна эфирінде сұхбат

16/02/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С.Байжанов «Қазақстан Қарағанды» телеарнасының «Уақыт.kz» бағдарламасында «Заң үстемдігіне қадам» атты тақырыпта сұхбат берді.

Сұхбат барысында төраға  тележүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, әсери соттың әділсот төрелігін жүзеге асырудағы жұмыстары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, сұхбат барысында әскери заңнамаларға қатысты, соның ішінде әскерилердің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және  оны болдырмау мәселелері жөнінде әңгіме өрбіді.

Азаматтарды қабылдау кестеге сәйкес жүргізілуде

16/02/2017

Бүгін азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы  Е.Ұ.Ахметжановтың қабылдауында «Тұран» университетінің оқытушысы Н.А.Шыныбеков болды. Ол  сот жүйесіндегі реформаларға қызығушылық танытты.

«Соттарда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді

16/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотында «Сотқа келушілерді өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібі»  тақырыбында семинар өтті. Семинарға әскери  соттың судьялары Б.К.Аралбаев, Е.Б.Абдуллин, Қазақстан Республикасының ІІМ Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және «Талдықорған» газетінің жауапты хатшысы журналист А.Уразаева қатысты.

Семинар өткізудің басты мақсаты-өткізу режимін сақтау және күшейту.

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы ҚР ҰҚК ШҚ 2017 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді

16/02/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2017 әскери бөлімінің ғимаратында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметкерлерімен, сондай-ақ командир, оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасарларының қатысуларымен әскери қызметкерлер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта кездесу  өткізді.