Архив событий

21/02/2017

«Сот модернизациясы»

21/02/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотының төрағасы Ж.Жайлаубай Алматы қаласының Әскери құрлық институтында кездесу өткізді. Бұл кездесуде Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры Т.Саткен, Құрлық әскерлерінің Әскери институтының басшысы полковник Асанов С., және институттың оқытушылық құрамы мен әскери қызметкерлері қатысты.

«Лауазымдық қылмыстар үшін әскери қызметшілер жауапкершілігінің ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

21/02/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Лауазымдық қылмыстар үшін әскери қызметшілер жауапкершілігінің ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағы  өткізілді.

Іс-шараға Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының орынбасары Қожа-Ахмет Еркін Қонайұлы,  Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының (құқықтық мәселер бойынша)  бастығының орынбасары Батыржан Нұғманұлы  Ихтимбаев, ҚР Ұлттық Ұланның әскери полиция қызметінің аға тергеушісі әділет майоры Талғат Абдуллаұлы Мырзабеков  қатысты.

Сот еңбек сіңірген жылдарын қайта есептеуді міндеттеді...

21/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арыз беруші Жакупбеков жауапкерлер «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі» және «Талдықорған қаласы бойынша Қорғаныс істер жөніндегі басқармасы» ММ  оның арызын қараусыз қалдырғанын заңсыз деп тану, еңбек сіңірген жылдарын қайта есептеу және келтірілген қателікті жоюды міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

18404 әскери бөлімінде «Сыбайлас жемқорлықпен күресуді нығайтудағы іс-шаралар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

21/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотының төрағасы Қ.Байдуақасовтың төрағалық етуімен және соттың судьяларымен Талдықорған қаласында орналасқан 18404 әскери бөлімінде  «Сыбайлас жемқорлықпен күресуді нығайтудағы іс-шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға 18404 әскери бөлімінің жеке құрамы және Талдықорған гарнизонының Әскери прокуратурасының қызметкерлері қатысты.