Архив событий

13/02/2017

Елбасы Жолдауы талқыланды

13/02/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында 31.01.2017 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бойынша жедел кеңес отырысы өткізілді.

Жедел кеңеске сот төрағасы М.Алдабергенов, судья Б.Омаров және сот қызметкерлері қатысты.

Үкім орындау тәртібі өзгертілді

13/02/2017

Қостанай гарнизонының әскери сотында «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі» мемлекеттік мекемесінің сотталғандар Р. Құрманбаев және басқаларына (5 тұлға) қатысты Қостанай гарнизоны әскери сотының  7 754 032 теңге көлеміндей сомасын өндіру бөлігіндегі үкімнің орындау тәртібін ортақтас сипатынан үлестік тәртібіне өзгерту туралы арызы қаралды.

Сот оқуға кеткен шығынды мемлекет пайдасына өндіру туралы бұйрық шығарды

13/02/2017

«Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ» РММ-сі  борышкер «Ж»-дан оқуына жұмсалған 2 162 246 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институты басшысының 13 шілде 2009 жылғы бұйрығымен  борышкер «Ж» Әскери оқу орнына курсант ретінде қабылданған.

Сот өтелмеген уақытқа төленген жәрдемақы соммасын өндірді

13/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер  «68... әскери бөлімі» жауапкер Н.Акжигитовтан сауықтыру жәрдемақы соммасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер әскери қызметтен теріс себептермен шығарылған. Сонымен қатар, ол 2016 жылғы демалысына шығып, 117 876 теңге соммасында сауықтыру жәрдемақыны алған. Алайда 25.04.2016 жылы ол әскери бөлім тізімінен шығарылған. Яғни, ол демалысты өтелмеген уақытына алған. Сол себептен, артық төленген 20 342 теңге сауықтыру жәрдемақыны қайтаруы тиіс болған.

Өскемен гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

13/02/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакуловпен «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының тілшілерінің қатысуымен пресс-конференция өткізілді.

Баспасөз конференция Өскемен  гарнизоны әскери сотының 2016 жылдың жұмыс қорытындыларына арналды.

Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакулов өзінің сөзінде 2016 жылы қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді.

Рақымшылық туралы Заң қолданыста

13/02/2017

Семей гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлімімен 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни, 59460 теңге айыппұлға сотталған Ж.Кыргызбаевты рақымшылық жасау туралы акт шығарылуына байланысты жазадан босату туралы өтініші қаралды.

Семей гарнизоны әскери сотында сот ғимаратына БАҚ өкілдерімен техникалық құралдарды кіргізу бойынша сұрақтар талқыланды

13/02/2017

Судья А. Байсалканова өзара БАҚ өкілдерінің қатысуларымен, сот ғимаратына бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің кәсіби қызметіне байланысты техникалық құралдарды кіргізу бойынша семинар өткізді.

Іс-шараға соттың судьясы А. Байсалканова, кеңсе мамандары, ШҚО мамандырылған күзет қызмет басқармасының батальон командирінің орынбасары полиция подполковнигі Ю.С. Свиридов, взвод командирі полиция капитаны Б. Укижанов және де «Вести Семей» газетінің журналисты Касенов Ж.А., «Қазақстан Семей» телеарнасының өкілі Жанбасбаева Р.С. қатысты.