Архив событий

15/02/2017

«Елбасының Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

15/02/2017

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2017 әскери бөлімінің ғимаратында Өскемен гарнизоны әскери сотының төрағасы Д.Баймакуловтың, Өскемен гарнизоны әскери прокуроры әділет подполковнигі Е.А.Бетекбаевтың, Зайсан ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары М.Қайрақованың, сондай-ақ 2017 әскери бөлім әскери қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әскери қызметшілермен түсіндіру жұмысы өткізілді

15/02/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери  сотының  сот приставы Д.Мыңбай Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әскери қызметшілерімен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  тақырыпта және  ҚР жергілікті соттарының ғимараты мен аумағына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларын түсіндіру жұмыстарын  өткізді.

Қомақты сомадағы талап арыз, сотпен қанағаттандырусыз қалдырылды

15/02/2017

Алматы гарнизоны әскери сотында талапкер ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2458 әскери бөлімінің жауапкер Ж.Бекмагамбетовке келтірілген материалдық зиянды өндіріп алу туралы жазған талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Ардагер ғалымға - тағзым

15/02/2017

Еліміздің заңгерлер қауымдастығы орны толмас ауыр қазаға душар болды. Өзінің 93-жасына қараған шағында еліміздің зиялы тұлғаларының бірі - Ашитов Зайырхан Омарұлы дүниеден озды.

Көрнекті ғалым, академик, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Советтік Социалистік Республикасына еңбегі сіңген заңгер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Ұлы Отан соғысының және сот жүйесінің ардагері Ашитов Зайырхан Омарұлы 1923 жылғы 26 желтоқсанда Павлодар облысында дүниеге келген.

Спирттік ішімдік ішіп әскери қызметтен шығарылды

15/02/2017

Шымкент гарнизоны әскери сотына келісім шарт бойынша әскери қызметкер «Р» жауапкер Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардиясының 5513 әскери бөліміне аттестациялық комиссия отырысының хаттаммасын теріс себептермен әскери қызметтен шығару туралы әскери бөлім  командирінің бұйрығын, жеке құрам тізімінен және ризық түрлерінен шығару туралы бұйрығын заңсыз деп тану, ләжсіз бос жүрген уақытына ақшалай өтемақы өндіру, және 500 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өндіру туралы талап арызбен Шымкент гарнизоны әскер  сотына жүгінген.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

15/02/2017

Ақтау гарнизоны әскери сотында 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жөніндегі жоспарына сәйкес сот қызметкерлерімен сотта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Шара барысында судья Б.Омаров жеке және заңды тұлғалармен қызметтік емес байланыстардан аулақ болып, өз қызметтерінде беделін түсіретін жағдайларды болдырмау, қызметтік міндеттерін адал атқару тиіс екендігіне тоқталып өтті.

«Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізу тәртібін түсіндіру

15/02/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотымен мемлекеттік қызметшілердің алдағы уақытта болатын аттестаттау   бойынша түсіндірме  жұмыстары жүргізілді.

«100 нақты қадам-Ұлт жоспарының» 15 қадамына сай мемлекеттік аппараттың кәсіпқойлығының бір кезеңі «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерімен  кешенді аттестация өткізу болып табылады.

Бас маман А.Советбеков аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің білімі мен құзыреттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретіндігін айтты.