Архив событий

28/02/2017

Ашық есік күні өтті

28/02/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 31 қаңтар 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның  Конституциялық реформаларын түсіндіру бойынша  және Қазақстан Республикасының әскери соттарының 25 жылдығы қарсаңында  құрылуына арналған  ашық есік күні  өтті.

Әскери қызметшіні қызметтік тұрғын үйден шығару туралы шешім шықты

28/02/2017

Ақмола гарнизонының әскери сотында "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" ММ-нің Б.-ке қатысты жалға алу шартын бұзу және басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығару туралы тарап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Б. қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуіне байланысты теріс себептермен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен әскери қызметтен босатылғандығы  талап арызда көрсетілген.

Ашық есік күні

28/02/2017

Алматы гарнизоны Әскери сотында «Ашық есік күні» өтті. Аталған іс – шарада соттың төрағасы Ж.Жайлаубай өзінің жеке қабылдауында азаматтарды қабылдады.

Келушілердің қатарында  Р.Курмангалиев азамат болды.  Р.Курмангалиев азаматтық заңнаманың кейбір сұрақтары бойынша түсініктемелер алу үшін жүгінді.

Р.Курмангалиев өзін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.

Әскери сотта кадрлық өзгерістер орын алды

28/02/2017

Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаев судьялар корпусына әскери соттарға жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды. 

Қазақстан Республикасының Президентінің 20.02.2016 жылғы №426 Жарлығына сәйкес, Орал қаласының №2 сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы лауазымына Мұрат Иманбаев тағайындалды.

Қызылорда қалалық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Ақмола гарнизоны Әскери сотының төрағасы лауазымына Алмат Бабатов тағайындалды.

Жаза ретінде тағайындалған айыппұл жазасының орныдалуын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

28/02/2017

Өскемен гарнизоны әскери сотымен «Жаза ретінде тағайындалған айыппұл жазасының уақытылы орындалуы, орындалуда қиындық туғызатын мәселелерді зерделеу» атты тақырыпта ШҚО Әділет Департаменті сот орындаушылар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел шарасы өткізілді.

Сот төрағасы м.а. А.Даменов қатысушылардың назарына 2017 жылдың ақпан айының 20-ы күніне  қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы туралы ақпаратпен таныстырды.