Архив событий

20/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сот төрағасы брифинг өткізді

20/02/2017

Талдықорған гарнизонының әскери сот төрағасы Қ.М.Байдуақасов «Талдықорған» газетінің тілшісі А.Уразаеваның және «Юридическая газета» газетінің корреспонденті журналист К.Наурызбаевтың қатысуымен 2016 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асырған жұмыс қорытындысына арналған брифинг өткізілді.

Брифингте  Талдықорған гарнизонының әскери сотының қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырылған жұмысының қорытындысы жөнінде айтылды.

Қарағанды гарнизоны әскери сотында баспасөз мәслихаты өтті

20/02/2017

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ.С.Байжанов сот жүйесінің ашықтығына және қолжетімділігіне бағытталған шаралар аясында  «Орталық  Қазақстан» облыстық газеті  тілшісінің, Орталық аймақтың әскери прокуратурасының, әскери полиция бөлімінің және  Қарағанды гарнизонында орналасқан «Астана», «Орталық» өңірлік әскерлерінің қолбасшылықтарына қарасты әскери бөлімдердің өкілдерінің  қатысуларымен   баспасөз мәслихатын өткізді. 

Сот ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

20/02/2017

Ақмола гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 19132 Әскери бөлімінің азамат О.-ға қатысты әскери қызмет өткеру кезеңінде қамтамасыз етілген заттай мүліктерді ақшалай сомада өндіріп алу туралы,арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында 2016 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

20/02/2017

Бүгін жергілікті «Рика-ТВ» және «Қазақстан Ақтөбе» телеарналар журналистерінің қатысуларымен Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы Ш.Н.Кадиров, 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг  өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы әскери сотпен 2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, сот төрағасы сот қызметінің айқындылығы мен қолжетімділігіне бағытталған «Сот кабинеті» интернет-сервисінің жұмысына басты назар аударды.

Ашық есік күні жарияланады!

20/02/2017

2017 жылдың 24 ақпан күні, сағат 15:30-дан 18:00-ге дейінгі уақыт аралығында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Ашық есік күнін» өткізілетінін хабарлаймыз.

Іс- шараға барлық тілек білдіруші азаматтар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ әскери бөлімдердің, әскери тергеу органдарының және әскери полиция бөлімдерінің   әскери қызметкерлері қатыса алады.

Іс-шараның мақсаты азаматтардын құқықтық мәдениетінін деңгейін көтеру және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Сот тұрғын үй жалдау үшін артық төленген өтемақыны өндіріп алу туралы талап арызды ішінара қанағаттандырды

20/02/2017

Ақмола гарнизоны әскери соты, 87962 Әскери бөлімінің жауапкер әскери қызметші Т.-ға  қатысты тұрғын үй жалдау үшін артық төленген өтемақыны өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

2016 жылғы жұмыс қортындысы бойынша сұхбат

20/02/2017

Алматы гарнизоны әскери сотының төрағасы Жайлаубай Ж.Н. 2017 жылдың 16 ақпанында «Қазақ радиосы» эфирінде «Алматы гарнизонының әскери сотының 2016 жылғы жұмыс қорытындысы» бойынша сұхбат берді.

2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Алматы гарнизонының әскери сотына 468 талап арыз түсті, оның ішінде 377-сі сот кабинеті арқылы. 2015 жылдың дәл осындай аралығында 567 талап арыз түскен, оның ішінде сот кабинеті арқылы 161, ол 2016 жылмен салыстырғанда 42%-ға аз.