Әскери қызметшілерімен ақшалай сыйақыға мемлекеттік бақылауды өту туралы жалған талондар дайындалған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотымен ҚР ҰҚК ШҚ 20.. әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне қатысты үкім шығарылды.

Қылмыстық істің  материалдарына сәйкес, «У» 20.. әскери бөлімінің «Убе» шекара бақылау бөлімінде кіші бақылаушы лауазымын атқара тұра, мемлекеттік шекараны өту талонына ресми құжатына жалған және түзетілген мәліметтерді енгізіп, С. Мальцев азаматының қылмыстық схемасын жүзеге асыруына, яғни жалған құжаттарымен көксеркенің етін ресейден шығарылған деп көрсеткен. Аталған талонды әскери қызметкер «У» оның әріптесі «И»-дың өтініші бойынша азамат С. Мальцевқа берген. Ал «И» ол қызмет үшін азамат С. Мальцевтан ақшалай сыйақы алған.

Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен «И» ҚР ҚК-нің 311 бабы 1 бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығын 3 жылға айырып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.

«У» ҚР ҚК-нің 369 бабы 2 бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығын 3 жылға айырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы  №27-VІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 3 бабына сәйкес жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін, қамауда отыру есебінен алынып, бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылып, түпкілікті жаза ретінде «И»-қа 2 жыл 9 ай 14 күн, «У»-қа 1 жыл 3 ай 14 күн бас бостандықтарынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі