"Рақымшылық жасау туралы" Заңы қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери соты Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің сотталған Р.-ға қатысты 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысын қарады.

Өскемен гарнизоны әскери сотының үкімімен сотталған Р. ҚР ҚК-нің 302 бабы 1 бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін және ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлімінде көрсетілген қылмыстық терісқылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оны 3(үш) жыл бас бостандығынан айыруға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 63 бабын қолданып тағайындалған жазасын шартты деп есептеп, 3 (үш) жыл сынақ мерзімі тағайындалған.

ШҚО бойынша ҚАЖД Үлбі ауданының Пробация қызметі бастығы сотқа 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4  бабы 2 бөлімінің талаптарын қолданып, яғни сотталған Р. ауыр қылмыс жасағандықтан, оған тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысынпен жүгінді.

20 ақпан 2017 жылғы сот қаулысымен Өскемен гарнизоны әскери сотының 23 желтоқсан 2016 жылғы үкімімен сотталған Р.-ға тағайындалған жаза мерзімі төрттен бір бөлікке қысқартылды, атап айтқанда 8 (сегіз) ай 28 (жиырма сегіз) күнге және ары қарай өтеуге 2 (екі) жыл, 2(екі) ай, 28 (жиырма сегіз) күн, тағайыдалған мерзімнің барлық уақытына пробациялық бақылау орнатумен белгіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі