Сот лауазымды тұлғаның әрекетін заңсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер Н-ның 29 қыркүйек 2016 жылы оған жеті адамның орнына алты адамға ақшалай компенсация төлеу туралы ҚР ҰҚК ведомствалық бюджеттік комиссиясының шыққан шешімін, ҚР ҰҚК ШҚ файылдық хабарламасын заңсыз және оның күшін жойып, ҚР ҰҚК-нен бір адамға жанұя мүшесі қызы – А.Маликоваға 4 691 880 теңге мөлшерінде ақшалай компенсацияны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талапкер 20... әскери бөлімінде материалмен қамтамасыз ететін рота складының бастығы лауазымында жұмыс атқарып жүр. Әскери қызмет өтеп жүрген кезінде 2015 жылы оған қызметтік пәтер берілді, ол жабық әскери қалашықта орналасқан. Осыған байланысты, 17 қазан 2015 жылы ол жеті адамнан тұратын отбасы мүшелеріне тұрғын үйдің орнына ақшалай компенсация төлеу туралы бөлім командиріне қайта баянатпен жүгінді. Жеті адамнан тұратын отбасы мүшелеріне 32 843 160 теңге мөлшерінде ақшалай компенсация төлеу туралы тұрғын үй комиссия мүшелерімен қайта заңды және негізді шешім қабылданды. Алайда файылдық хабарламаға сәйкес Н-ға 28 151 280 теңге көлемінде ақшалай компенсация төленді, яғни бір жанұя мүшесі қызын  қоспағанда, себебі ол Талдықорған қаласында оқуына байланысты Н. бірге тұрмайды. Сол лауазымды адамдардың іс әрекеттерін қызына төлемеген компенсацияны заңсыз деп есептейді, өйткені оның қызы  күндізгі оқуда оқиды және тұрақты онымен бірге тұратын жанұя мүшесі, алайда оның қызы Талдықорған қаласында уақытша оқу кезінде ғана тұрады, толығымен оның асырауында.

Осыған орай, талапкердің арызы жартылай қанағаттандырылды.

Сот, жеті адамның орнына алты адамға ақшалай компенсация төлеу туралы ҚР ҰҚК ведомствалық бюджеттік комиссиясының шешімін күшін жойып, заңсыз деп танып, ҚР ҰҚК-нен бір адамға жанұя мүшесі қызы – А.Г.Маликоваға 4 691 880 теңге мөлшерінде ақшалай компенсация өндірілсін деп шешті.

ҚР ҰҚК ШҚ файылдық хабарламаны заңсыз деп тану туралы талап арызды, қанағаттандырусыз қалдырды, себебі аталған хабарлама ішкі ведомствалық құжаттардын алмасуы және ол ҚР ҰҚК ведомствалық бюджеттік комиссиясының шешімін орындау үшін әскери бөлімге жолданған.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі